Атмосфера туралы түсінік
6 сынып
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға атмосфера қабаты туралы ғылыми түсінік бере отырып, оның жер қабаттары ішіндегі ерекшелігі туралы ұғым қалыптастыру.
Тәрбиелік: Климат ерекшеліктерін түсіндіре отырып, өз жеріне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, қоршаған ортаны қорғау, мақсатында түсінік қалыптастыру. Дамытушылық: Әр түрлі білім көздерімен жұмыс жасауды дамыту. Оқушылардың өз беттерінше жұмыс істеп шығармашылық ойларын өсіру. Өз ойларын еркін айтып қорытынды жасай білуге дағдыландыру. Сабақтың түрі: Дәстүрлі
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, тірек сызба.
Сабақтың көрнекілігі: Карта, энциклопедия, зертханалық бұйымдар.
Пәнаралық байланыс: химия, биология, физика
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
1. Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу. Назарларын сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
Үй тапсырмасын алма ағашынан алманы теріп, сұрақтарға жауап беру.
1. Жердің сыртқы қабықтары қандай?
2. Жердің ішкі құрылысы қандай бөліктерден тұрады?
3. Жер қыртысын түзетін тау жыныстары қандай топтарға бөлінеді.
4. Жер сілкіну қалай жүреді?
5. Сейсмикалық аймақтар деген не?
6. Үгілу дегеніміз не? Оның қандай түрлері бар?
7. Мұхит түбіндегі таулар қалай аталады?
8. Эхолот қандай құрал?Онымен нені зерттейді?
9. Тау деп нені атайды?
III. Жаңа сабақ.
Жоспары:
1. Атмосфера құрамы.
2. Атмосфера қабаттары.
а. тропасфера
ә. стратосфера
б. мезосфера
в. термосфера
3. Атмосфера маңызы.
4. Атмосфераны зерттеу.
5. Атмосфераны қорғау.
6, Зертханалық жұмыс.
IV. Жаңа сабақты бекіту.
1. Атмосфера қабаттарының ерекшелігін көрсететін кесте толтыру.
Атмосфера қабаттары.
Қабат ерекшеліктері.
2. Сәйкестік тест
...........
VI. Бағалау.
Сабақ барысында қатысқан оқушыларды мадақтап, бағасын қою.
VІI. Үйге тапсырма.
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы,
Бекарыстан би ауылы, №24 Ү.Түктібаев атындағы орта мектептің
география пәні мұғалімі Ысқақ Есенкелді