Сабақтың тақырыбы: "Рационал санның модулі"
Сабақтың мақсаты: Санның модуліне анықтама беру, рационал сандардың модульдерін анықтау, тұжырымдама жасау. Координаталық түзу бойындағы сандардың модульдерін таба білуге үйрету. Модульмен берілген есептерді шығара білуге дағдыландыру.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, электрондық оқулық, координаталық түзу, карточкалар, оқулық, т б.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру жұмысы
2. Өтілген тақырыпты қайталау сұрақтары
3. Жаңа сабақты түсіндіру
4. Электрондық оқулықпен жұмыс
5. Оқулықпен жұмыс
6. Жаңа сабақты бекіту
7. Үйге тапсырма
8. Оқушыларды бағалау, сабақты қорытындылау
1. Ұйымдастыру жұмысы - 1 минут
2. Өтілген тақырыпты қайталау сұрақтары:
Карточкамен жұмыс. Тақтаға үш оқушы шығып, карточка арқылы сұрақтарға жауап алынады.
а) Бүтін сандар, рационал сандар анықтамасы
ә) Қарама - қарсы сандардың анықтамасы
б) Координаталық түзу деген не?
в) Рационал сандарды салыстыру ережесі
г) Таңбалар ережесі
Ауызша есептер:
1)- 5ке қарама - қарсы санды ата
2)- 2, 3; 0;- 19, 7; 39; 0, 05 қандай сандар жиынына тиісті?
3)- 58, 1мен - 56, 7ні, 48бен - 63ті салыстырыңдар
4) 0 саны мен оң және теріс сандарды салыстырыңдар
- 5 - 4 - 3 - 2 - 1 0 1 2 3 4 5 6 Х
А және В нүктелерінің координаталарын тауып жазыңдар және оларды салыстырыңдар
- 4