11 сыныпта өткізілген сабағымды ұсынып отырмын
Тақырып: Интеграл көмегімен фигураның ауданын және көлемін есептеу
Мақсаты:
Білімділік - оқушылардың алғашқы функция және интеграл туралы білімдерін жүйелеу, қорытындылау; алған теориялық білімдерін іс - жүзінде пайдаланып дұрыс шешім қабылдай білуге дағдыландыру;
дамытушылық - оқушылардың еркін ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту;
тәрбиелік - оқушыларды ұқыптылыққа, іскерлікке, дәлдікке тәрбиелеу.
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастырушылық кезең.
ІІ Миға шабуыл - қызығушылық ояту кезеңі.
ІІІ Қатені тап!
ІV Білгенге маржан - фронтальды жұмыс.
V Интерактивті тақтамен жұмыс.
VІ Біліміңді сынап көр! - деңгейлік тапсырмалар.
VІІ Үйге тапсырма беру.
VІІІ Оқушыларды бағалау, сабақты қорытындылау.
І Ұйымдастырушылық кезең.
Оқушыларды түгелдеу, сабақтың мақсатымен таныстыру.
ІІ Миға шабуыл - қызығушылық ояту кезеңі..(Тақтаға 2 оқушы шақырылады).