Ақан сері Маңмаңгер орындау

Скачать

Тақырыбы: “Арқаның асқақ әншілері”
Мақсаттары: 1. Халық арасына танымал атақты әнші, композиторлардың шығармашылығымен таныстыру.
2. Оқушылардың орындаушылық шеберліктерін дамыту.
3. Оқушыларға Қазақстанның жері қандай кең болса, әндері де кең тынысты, алуан түрлі екенін түсіндіре отырып, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Біржан сал Қожағұлұлы мен Ақан сері Қорамсаұлының портреттері, жылқы, құлын суреттері, техникалық құралдар(теледидар, ДVД, магнитофон,) үнтаспа, музыкалық аспаптар, қазақтың ұлттық киімдері, ат әбзелдері, қасқыр, түлкі терілері, киіз үй керегесіне орналастырылған көрме.

Сабақ түрі: Аралас сабақ.
Әдіс - тәсілдері: Баяндау, сұрақ - жауап, орындап көрсету.
Сабақтың жоспары: 1. Ұйымдастыру кезеңі; оқушылардың сабаққа әзірлігін тексеру. 1мин.
2. Музыкалық жаттығулар. 2мин.
3. Үй тапсырмасын сұрау. 10мин.
4. Жаңа материалды түсіндіру. 15мин.
5. Музыкалық материалдармен жұмыс. 5мин.
6. Бекіту. 2мин.
7. Оқушыларды белсенділіктеріне қарай мадақтау, үйге тапсырма беру. 1мин.

Музыкалық материалдар:
1. Біржан сал Көкек әнін тыңдау.
2. Ақан сері Маңмаңгер орындау.
3. Ө. Байділдаев Құлыншақ үйрену.
4. Музыкалық сауат сал , сері ұғымы
5. Қамажай ән, биін орындау.

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру

А) оқушылармен сәлемдесу, журнал бойынша түгендеу
Ә) оқушылардың сабаққа әзірлігін тексеру
Б) музыкалық жаттығулар До мажор, Гамма, арпеджио - әндетіп, дұрыс тыныс ала білу, түзу отыруларын қадағалау
В) Үй тапсырмасын пысықтау сұрақтары
1) Ән - би дегенді қалай түсінесіңдер?
2) Қамажай ән - биі кім туралы?
3) Қазақтың қыз балаға арналған ұлттық киімдері туралы не білесіңдер?
4) Қазақтың халық ән - биі Қамажай орындау.

II. Жаңа тақырып
Мұғалім әңгімелейді: Дарынды өнер иелерін халық сал , сері деп атаған. Сал , сері атағын халық тектен текке бермеген. Керемет әнші болуымен қатар, композитор( сазгер) айтысқа қатысушы суырып салма ақын, елдің еркесі болған.
Біржан сал мен Ақан сері туралы қысқаша әңгімелеу. Сал серілердің сыртқы киіміне тоқталу. Оқулықта берілген суретке қарап отырып, оқушылар сал, серілердің киімдеріне назар аударып, олардың әсем және әдемі талғаммен киінетініне көз жетеді. Сал, серілердің өздеріне сай атақты жүйрік, жорға аты болады ( жылқы малының жүрісі туралы еске түсіру).
Аттың ер - тұрмандарына, әбзелдеріне, оның аса шебер жасалған бұйымдарына оқушылардың назарын аудару ( көрме бойынша). Сал, серілер жүйрік аттарының сырт пішініне өте мұқият қарайтынын айтуға болады. Сондай - ақ аңға шыққанда қолдарына қыран құс қондырып, құмай тазы жүгіртеді.

СЕРГІТУ СӘТІ
III. Музыка тыңдау
1. Біржан сал Көкек әні тыңдалады
2. Ақан сері Маңмаңгер әні тыңдалады. Маңмаңгер әнінің шығу тарихы жөнінде айтып өту. Музыкалық материалдармен жұмыс Көкек әні мен Маңмаңгер әндерінен үзінділер орындау. Ө. Байділдаев Құлыншақ әнін үйрету. Ән салу ережелерін сақтауға, ән салу кезінде дұрыс отыруларына қол жеткізу. Музыкалық аспаптың сүйемелдеуімен озбай, қалмай орындауларын қадағалау.

Бекіту: Сабақты бекіту мақсатында оқушылар Біржан сал Қожағұлұлы мен Ақан сері Қорамсаұлының өнерпаздық қасиеттеріне байланысты “Топтастыру” ассоциациясын құрайды.

Қорытынды: Сонымен, балалар бүгінгі сабақта біз сұлу Көкшетау жерінен дарынды әнші, сал - серілері туралы, олардың әсем әндері мен халық көңілін көтерер өнерпаздығы туралы мағлұматтар алдық.
Балалар қазақ жері кең, халқы қандай жомарт, өнерпаз болса, жүрегі де кең, талантты, өнерлі адамдарға да бай. Қазақ жерінен батысы мен шығысы, оңтүстігі мен солтүстік өңірлерінде қаншама әнші - күйшілер өмір сүрген. Біз олардан қалған ән - күй мұраларын үйреніп қана қоймай, оларды ұмытпай, ұрпақтан - ұрпаққа жеткізіп, зор құрметпен қарауымыз керек!
Оқушылардың сабақта көрсеткен белсенділіктеріне қарай олардың білімдерін бағалау.

Үйге тапсырма: Сал, сері ұғымы. Ақан сері, Біржан сал, олардың қандай әндерімен таныстық, үзінділер жаттау, “Құлыншақ” әнін жаттау.


Скачать


zharar.kz