Оқушыларға түрлі материалдармен жұмыс жасаудың тәсілдерін үйрету

Скачать

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы,
Бекарыстан би ауылы, № 24 орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі: Ысқақ Шамсия

Сабақтың тақырыбы: Материалмен жұмыс
Ойыншықтың пропорциясымен жұмыс істеу.
а) Материал түрлері жайында мағлұмат беру. Оқушыларға түрлі материалдармен жұмыс жасаудың тәсілдерін үйрету.
ә) Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту.
б) Эстетикалық тәрбие беру.
Сабақтың типі: Жаңа білімді игерту
Сабақтың түрі: Тақырыпқа сурет салу
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ - жауап
Пән аралық байланыс: Ана тілі, ән - әуез
Көрнекілігі: Түрлі қағаздар, ермексаз, майлы бояу түрлері

Сабақтың барыс: I. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды түгелдеу, назарын сабаққа аудару
II. Үй тапсырмасын сұрау
- Ойыншық бейнесін жасау үшін қандай материалдар қажет?
- Дизайнер дегеніміз не? Оның атқаратын қызметі қандай?
- Қандай ертегі кейіпкерлерінен ойыншық бейнесін құрастыруға болады?
III. Жаңа сабақ
Материал түрлері жайлы не білесіңдер? - Ойыншықты әр түрлі материалдармен құрастыруға болады. Ол үшін тері, жіп, немесе қағаз түрлерінен әдемі етіп ойыншықтар құрастыруға болады.
Әдемі ойыншықты қарағай бүрі, ағаш бұтағы және емен жаңғағы сияқты табиғи материалдардан да жасайды. Тек нобайын сызған кезде жасағалы тұрған ойыншығымыздың неден жасалатынын ойласып алған жөн. Ең ыңғайлы материалдардың бірі – ермексаз. Ермексаз қолға ұстап, майыстыруға да өте ыңғай болып материал болып табылады. Ол үшін біз ермексазды майыстыру арқылы ойыншықтың пропорциясын жасап аламыз. Жасап алынған үлгімізді түрлі бояумен бояуға болатынын ұмытпаған жөн.

IV. Өздік жұмысы
Оқушылар тақырып бойынша сурет салады.

V. Сабақты бекіту
Ойланып жауап бер.
- Материал түрлері жайында не білесің?
- Композиция дегеніміз не? Оның неше түрі бар?
- Сызықтық перспектива деген не?
- Бүгінгі сабақтан не түсіндіңдер?
VI. Тапсырма
Сабақта жасаған жұмыстарын аяқтап келу
VII. Бағалау


Скачать


zharar.kz