Сабақтың тақырыбы: Миллионды кім алады?
Негізгі мақсаты : оқушыға жан-жақты білім беру, алған білімдерін тереңдету, ой-өрісін кеңейту, ұжыммен жұмыс істеуге үйрету.
Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыра отырып, есте сақтау қабілетін дамыту арқылы өз ойын жеткізе білу дағдысын қалыптастыру.
Тәрбиелік мақсаты:Оқушыларды ұйымшылдыққа, тапқырлыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: сайыс сабағы
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру
Топпен таныстыру
Ойын шартымен таныстыру
Алғырлар тобы (ойын)
Тапқырлар тобы (ойын)
Қорытындылау
Армысыздар бүгінгі ойынға жиналған математиканы сүюші қауым.
Есептеуге жүйрік болсаң жасыңнан,
Математикаға орын берсең басыңнан,
Барлық ғылым саған үйір болады,
Досың солар – табылатын қасыңнан.
Мықты болсаң – алдағыны басып оз,
Мықты болсаң – арттағыны жеткізбе.
Мықты болсаң – тайғанама көк мұзда,
Мықты болсаң – бөгеттерді бұзып өт.
Мықты болсаң – заманыңды көктеп өт - дей отырып Миллионды кім алады атты танымдық сайысымызды бастаймыз.Сайысқа 6-сынып оқушыларынан құралған 3топ Алғырлар топ басшысы Бейғанова Үміт, Тапқырлар тобы топ басшысы Кеңшілікқызы Аяжан , Умники тобы топ басшысы Кадыров Руслан
қатысып отыр.
Сайысымыздың шарты: Сайыс үш кезеңнен тұрады. 1кезең-1000тг ұтыс (ойланбай бірден жауап береміз) 2-кезең -32000тг ұтыс(1 минут ойлануға уақыт беріледі) 3-кезең 100000тг ұтыс( 2 минут ойлануға уақыт беріледі). Ойынға қатысушылар екі жеңілдікке ие, ол залдан көмек, досынан көмек.
Ғылымның сырын ұғына
Шығыңдар білім шыңына
Ұқыптылық пен зеректілік,
Жеткізер сіздердей өренді
Жеңістің мынау шыңына дей келе сайыскерлерімізге сәттілік тілей отыра
Алғырлар тобын ойын алаңына шақырамыз.
Сұрақтар:
- Бүгінгі ойында қанша ақшамен қайтамыз деген үміттесіздер?
- Бай, миллионер болғыларыңыз келе ме?
- Миллионер болу үшін бүгінгі таңда ең қажеттісі не деп ойлайсыздар?
- ойын шарты сіздерге түсінікті ме?
Ойын шарты түсінікті болса назарларыңыз экранда болсын
1 топ Алғырлар
1-кезең
100 теңге Кері сандардың көбейтіндісі? (1)
200 теңге Екі нүктенің арасындағы түзу? (кесінді)
300 теңге 7 май шам жанып тұр, 4-уін сөндірсек неше май шам қалады? (4)
500 теңге 1 жұмыртқа 5 минутта піседі , 5 жұмыртқа неше минутта піседі? (5)
1000 теңге Сақ дәуіріне жататын ауданымыздағы ең ірі қорым? (Берел)
1 кезең аяқталды. Ойынды жалғастырамыз ба, әлде мың теңгені аламыз ба?
Егер сіздер миллионды ұтып алсаңыздар қалай бөлісер едіңіздер?
2 кезең
2000 теңге Қайыңда 7 бұтақ , әр бұтақта 3 алма .Барлығы неше алма болды?
( Қайыңда алма өспейді )
4000 теңге Атам, әжем, ағаммен, Әкем інім және, Анам және енесі, Енесінің бөлесі, Отыр едік шай ішіп, Жеңгем кірді майысып, Арқасында кіші інім, Сонда қанша айта ғой, Үйдегі бар кісінің? (10 кісі)
80000 теңге Теріс сандарды қалай қосамыз?
16000 теңге Балықшы 2 балықты 4 минутта аулайды.Осындай 8 балықты неше минутта аулайды? Балық қаққан кезде.
32000 теңге Бақшаға Жақсы аға , Көп-көп ойыншық келді алып, Бір балық, екі есек, үш үйрек, Төрт түлкі, бес бүркіт, Алты арғымақ, жеті жарғанат,
Сегіз саулық, тоғыз тауық, Он торпақ.....Болма есепке сен шорқақ.Ауызша, жазбаша қосып шық.Бақшаға Жақсы аға, Қаншама әкелді ойыншық? (55)
2 кезең аяқталды. Ойынды жалғастырамыз ба, әлде барға қанағат тұтамыз ба?
Ата-аналарың қалта шығынына күнделікті ақша бере ме, қанша?
Ата –аналарың берген ақшаны үнемдейсіңдер ме?
3 кезең
64000 теңге Математика – сөзінің мағынасы. (Грекше ілім, ғылым)
125000 теңге Түнгі сағат 11-де жаңбыр жауса, 48 сағаттан соң күн шығады деуге болама? ( жоқ)
250000 теңге қандай сан барлық сандарға қалдықсыз бөлінеді?(нөл)
500000 теңге Бас бармақ пен сұқ саусақ аралығындағы өлшем? (сүйем)
1000000 теңге XVIII ғ. ортасында “ ”, “