Ұқсастығы сөйлемдер

Скачать

Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Тақырыбы: Жай және құрмалас сөйлем 31 - 36 жаттығу
4 сынып
Оқу мақсаты: Жай сөйлем мен құрмалас сөйлем туралы түсінік беру. Жай сөйлем мен құрмалас сөйлемнің айырмашылығы мен ерекшеліктерін тапсырмалар орындату арқылы меңгерту.

Сабақтың басы
І Психологиялық дайындық:
Кәне, достар, тұрайық.
Шеңберімізді құрайық.
Жақсы - жақсы тілектер
Бір - бірімізге сыйлайық!
Оқушылар қол ұстасып, бір - біріне жақсы тілектер білдіреді: Бүгін мен саған сәттілік тілеймін, бес алуыңа тілектеспін, сабаққа жақсы жауап бер, т. б. .
Топқа күз жапырақтары арқылы бөлемін. Сары, қызыл, қызғылт 3 түспен 3 топқа бөлінеді. Топ басшысын сайлайды.

ІІ Үй тапсырмасын сұрау:
Ыстық орындық әдісі арқылы өткенді еске түсіру. Әр топтан 2 оқушыдан шығып берілген сұраққа жауап береді.
1. Сөз тіркесі дегеніміз не? Мысал келтір.
2. Бірінші сыңары сын есімнен, екінші сыңары зат есімнен болған 2 сөз тіркестерін айт.
3. Бірінші сыңары зат есімнен, екінші сыңары етістіктен болған сөз тіркесін айт.
4. Суретке қарап, сөз тіркесін құрап айт.
5. Сөз тіркесінің екінші сыңары негізгі мағынаны білдіретін, сол арқылы бірінші сыңарына сұрақ қоюға болатын сөз тіркесін құра.
6. Қазақша сөйлеу сөз тіркесінің мағынасын сұрақ қою арқылы анықта.

Сабақтың ортасы
Мен мұғалім рөлінде әдісін қолданамын. Алдын - ала оқушыға тапсырма берілген.
Оқушы шығып 31 - жаттығудағы бағанның екі жағындағы сөйлемдерді оқытады. Өзара салыстырады.
Қоңырау соғылды. Қоңырау соғылды да, сабақ басталды.
Ауылдан атам келді. Ауылдан атам келді де, мені циркке апарды.
Әжем жіп иірді. Әжем жіп иіріп, одан кеудеше тоқыды.
Ұқсастығы сөйлемдер. Аяқталған ойды білдіріп тұр. Хабарлы сөйлем. Өзгешелігі бағанның сол жағындағы сөйлемдер бір ғана тиянақты ойды білдіріп тұр. Ал оң жағындағы сөйлем екі ойды білдіріп тұр, әрі үтір тыныс белгісі арқылы ажыратылып тұр.

Мектеп: 30 бастауыш мектеп
Мұғалімнің аты - жөні: Ә. Е. Ералиева
Жай және құрмалас сөйлем жүктеу


Скачать


zharar.kz