Сабақтың тақырыбы: Етістер (презентация сабақ)
Сабақтың мақсаты: Етістіктің түрлерін ажырата білуге үйрету
• 1. Білімділік: Етістіктің етіс түрінің өзіне тән ерекшеліктерін түсінуге бағыт - бағдар беру, олардың түрлерімен танысу.
• 2. Тәрбиелік: Сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, тіл өнерін құрметтеуге тәрбиелеу.
• 3. Дамытушылық: Жаңа әдісті қолдану арқылы білімдерін көтеру.
Күтілетін нәтижелер:
• Етістіктен етісті ажырата білу
• Оқушылардың сөздік қорын кеңейту
• Ұйқастарды таба білу
Сабақтың әдісі: Проблемаларды мазмұндау, ішінара іздену.
Ұйымдастыру формасы: Блум таксономиясы.
Пәнаралық байланыс: Бейнелеу өнері, қазақ әдебиеті.
Сабақтың көрнекілігі: Интербелсенді тақта. Иллюстрациялармен жұмыс.
Сабақтың құрылымы:
Ой қозғау: Үй тапсырмасын сұрау (5 мин)
Топтық жұмыс (5 мин)
Мағынаны тану: Иллюстрациямен жұмыс (3 мин)
Оқулықпен жұмыс (10 мин)
Сатылай кешенді талдау (10 мин)
Ой толғаныс: Бес жолды өлең шығару (10 мин)
Бағалау (2 мин)
Қызығушылықты ояту. Оқушыларды сурет арқылы топқа бөлу.
Топ басшысы тақтадағы Вассерман технологиясы бойынша сызылған бағалау парағына топ мүшелерінің аты - жөнін жазып шығады.
Үй тапсырмасын сұрау
Үйге берілген 234 - жаттығудың орындалуын тексеру.
Сабаққа ену, оқушыларды қызықтыру үшін түрлі қимылдағы анимациялар көрсету арқылы жаңа сабаққа енемін.
Білу(Диалогтік әдіс)
1. Етіс дегеніміз не?
2. Етістің қандай түрлері бар?
3. Етістіктер мен етістерді қалай ажырата аламыз?
Түсіну кезеңінде құралған суреттерге өз топтарының атаулары бойынша етістің жұрнағын жалғап, сөз тіркесі не сөйлем құрау тапсырылады.
Қолдану кезеңінде жаттығулармен жұмыс орындалады. Төрт топқа төрт түрлі жаттығу беріледі. Жаттығуды А4форматты параққа орындалады.
Талдау кезеңінде арнайы шығарылған парақтарға етістіктерге сатылай кешенді талдау жасау тапсырылады.
Сергіту сәті
Сабақты қорытындылау. Жинақтау бөлімінде бес жолды өлең әдісін қолданамын. Төрт топқа төрт түрлі етістерге өлең құрауды тапсырамын.
Сабақтың рефлексиясын Инсерт – түртіп алу әдісімен қорытындылаймын.
Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс ауданы,
Байырқұм ауылы Мұхтар Шаханов атындағы жалпы орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Мырзабекова Мадина Дауылбайқызы