Жарлы мен Данагөй қарт.
Жарлы байғұс бірде Данагөй қартқа жолығып қалып мұңын шағып сұрапты: Мен туғанымнан түкке жарымай келемін, мен неге кедеймін?, - депті. Сонда әлі дана қарт былай жауап беріпті:
Себебі, сен өзің ешкімге ештеңе бермейсің .
Жарлы: Менің беретін ештеңем жоқ қой .
Данагөй қарт: "Сенде беретін кем дегенде 5 нәрсе бар.
Жүзің бар: күлімсіреп айналаңа шуақ сыйла. Басқаларға қуаныш сыйлау арқылы өзің бақытқа бөленер едің...
Аузың бар: адамдардың жақсы қасиетін айтып жігер бер, жылағанды жұбатып, мейірімділік сөздер айт...
Жүрегің бар: басқаларға жүрегіңді аш жылу сыйла, шынайы да шыншыл бол.....!
Көзің бар: айналаға жанашырлық танытып, мейірімділікпен қара....
Аяқ - қолың бар: сен өзгелерге көмек беруіңе болар еді, еңбек ету үшін денің сау...."
"Міне, көрдің бе сен кедей емессің! Кедейлік адамның жүрегінде".
Адамдар өмірде небір қиындықтарды бастан кешіп, бақытқа жетіп жатады. Ал енді біреулерге қиындықтармен өмір бойы күресуге тура келеді. Кейбір жандар кедергіні өзі жасап алады. Бұл әңгіме оқыған жанға ой салады деп ойлаймын.
Дайындаған: Асыл.