Құрмалас сөйлемЕкі немесе бірнеше жай сөйлемнен құралып, күрделі ойды білдіреді

Скачать

Құрмалас сөйлем
Екі немесе бірнеше жай сөйлемнен құралып, күрделі ойды білдіреді.

Салалас құрмалас сөйлем
Құрамындағы жай сөйлемдердің баяндауыштары тиянақты болып, өзара тең дәрежеде байланысады.
● Жасалу жолдары
Салаластың құрамындағы жай сөйлемдер өзара екі жолмен байланысады:
1. Мағыналарының жақындығына қарай іргелес тұрып, интонация арқылы байланысады.
● Мысал: Биыл қыс суық болды, бірақ қар аз жауды. Ол кітаптарын жоғалтып алған еді, сондықтан оның бүгін мазасы болмады.

Сабақтас құрмалас сөйлем
Құрамындағы жай сөйлемдердің алғашқысының баяндауышы тиянақсыз болып, екінші сөйлемге бағына байланысады.
Бағыныңқы, басыңқы
● Жасалу жолдары
Бағыныңқысының баяндауышының негізгі жасалу жолдары:
Шартты рай - са, - се
Көсемше - а, - е, - й,- ып, - іп, - п;
- ғалы, - гелі, - қалы, - келі
Есімше - ған, - ген, - қан, - кен, - дықтан, - діктен, - мен, - ша, - ше, - да, - де
Болымсыз етістік - ма, - ме, - ба, - бе, - па, - пе;
- й, - йынша, - йінше, - стан, - стен.
● Мысал: Биыл қыс суық болғанмен, қар аз жауды.
Кітаптарын жоғалтып алғандықтан, оның бүгін мазасы болмады.

Аралас құрмалас сөйлем
Кемінде үш сөйлемнен құралып, бір - бірімен салаласа да, сабақтаса да байланысады.
● Жасалу жолдары
Құрамындағы үш жай сөйлемнің біреуінің баяндауышы тиянақсыз болады да, қалған екеуінің баяндауыштары тиянақты болып келеді.
● Мысал: Ол үйге келсе, Омар жоқ екен, сондықтан кері қайтуға тура келді.

Құрмалас сөйлем. жүктеу


Скачать


zharar.kz