Жасымнан жетім едім көңлі сынық, Өнерім артық емес ондай ұлық

Скачать

Абай Құнанбаев

Әзім әңгімесі
Бір сөзім Мың бір түннен оқып жүрген,
Өлең қып сол сөзімді айтқым келген.
Болыпты ағайынды екі жігіт,
Бағдатта Мұстапа мен Сапа деген.

Екеуі жетім еді әкесі өлген,
Талаптан жетеміз деп, бос жүрмеген.
Тігінші, кестеші еді кіші інісі,
Мұстапа суретшілік ғылым білген.

Екеуі екі айрылмақ қамын жеген,
Бір шетке кетпек болып жұрт көрмеген.
Мал тапқаны бір іздеп таппақ болып,
Серт қылып, бір - біріне уәде берген.

Екеуін екі жаққа тағдыр бөлген
Жандар емес қатерден әсте именген.
Шынмашынға1 Сапасы кете тұрсын,
Мұстапа Балсураға2 бұрын келген.

Мұстапа - бойдақ, кедей біраз тұрған,
Кәсібін күннен - күнге тәңрі оңғарған.
Аздан соң қатын алып, үй салғызып,
Шаһарда сенімдінің бірі болған.

Пұл құрап, киім түзеп, қарны тойған,
Қағазға өрнек жасап, сурет ойған.
Құдайым кешіктірмей бір ұл беріп,
Молдалар оның атын Әзім қойған.

Бір жасап, екі жасап, Әзім өсті,
Сонан соң медресеге барып түсті.
Аз жылда жақсы ғылым нәсіп етіп,
Жас жігіт жүзі нұрлы, көңлі масты.

Оқудан шыға ұстады ата өнерін,
Асырды атасынан әрбір жерін.
Сол күнде ажал жетіп, Мұстапа өліп,
Жыртық - жетім болмады ол жас өрім.

Атаның харекетін ұстай алды,
Өнері артық шығып, жан таң қалды.
Алушылар көбейіп мұның ісін,
Бұрынғыдан артылып мал құралды.

Бір күні ләпкесінде отыр еді,
Торғын тон, алтын кемер бір шал келді.
Не қылса бір құрметті адам ғой деп,
Әзім тұрып, иіліп сәлем берді.

Сәлемін алды, шал да амандасты,
Қасына жуық келіп жақындасты.
- Жат жердің адамы едім, е, шырағым,
Не харекет қыласың? - деп сұрасты.

- Жасымнан жетім едім көңлі сынық,
Өнерім артық емес ондай ұлық.
Еңбекпенен көз сүзбей күн көремін,
Харекетім - суретші, бояушылық.
Толық нұсқасын жүктеу


Скачать


zharar.kz