Қазақтың тұңғыш тілші ғалымдары

Скачать

Сабақтың тақырыбы: Қазақтың тұңғыш тілші ғалымдары.
Сабақтың мақсаты:
1. Өткен тақырыптар бойынша сөздік қорын жүйеге келтіріп, байланыстырып сөйлеуге баулу;
2. Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал ету, сөйлеу мәдениетін жетілдіру
3. Белгілі адамдар өмірін өнеге етіп тәрбиелеу; оқушылардың қазақ тіліне деген белсенділік, қызығушылығын арттыру
Сабақтың түрі: дәтүрлі сабағы.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
- оқушыларды түгелдеу
- оқушы назарын сабаққа аудару
(бір - біріне жылы лебіздерін айту)
- сабақтың мақсатымен таныстыру

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Ереже жаттау.
ІІІ. Жаңа сабақ.

Тұңғыш ғалымдар

Ахмет Байтұрсынұлы (1873 - 1937)
Көрнекті тілші - ғалым, дарынды аудармашы, ағартушы, оқу құралдарының авторы Тілші, ағартушы, ақын, оқу құралдарын жазған, орыс - қазақ мектебін бітірген, мұғалімдер мектебі бітірген, қазақ газетін шығарады

Шоқан Уалиханов (1835 - 1865)
әйгілі зерттеуші, тарихшы, ғалым, этнограф
Шоқан қазақ, қырғыз, ноғайлы әдебиетінің жазба мұраларын, тарихи шежірелерді жинап, бір жүйеге келтіріп, олар жөнінде ғылыми талдаулар жасады.

Ыбырай Алтынсарин (1841 - 1889)
ағартушы, педагог, қоғам қайраткері, жазушы
Ыбырай халқын мәдениетті ел қатарына жеткізуді армандап, бар өнерін сол жолға арнаған.

IV. Грамматикалық тақырып. Қазақ тілінің төл сөздері.
Сөздік құрамға қарағанда негізгі сөздік қордың сан мөлшері, көлемі әлдеқайда шағын болады.
Өйткені оған кез келген сөз кіре бермейді.
Негізгі сөздік қорға ғасырлар бойы қалыптасқан қазақтың байырғы төл сөздері кіреді. Мысалы,
• туыстық атаулар: ата, ана, қарындас, нағашы, жиен, бөле, құда, құдағи, жеңге;
• мал атаулары: түйе, жылқы, сиыр, бота, құлын;
• хайуан атаулары: қасқыр, түлкі арыстан, қоян, қарсақ;
• ағаш атаулары: қайың, қарағай, мойыл, емен, тобылғы, шырша;
• киіз үй атаулары: шаңырақ, туырлық, кереге, уық, бақан;
• жұмыс құралдарының атаулары: күрек, балта, балға, ұршық, құрық, пышақ, біз;
• сапалық, сындық, атаулары: жақсы, жаман, жеңіл, ауыр, қатты, жұмсақ, жылы, суық т. б.
Мына сөздермен сөйлем құрастырыңыз.
Ата, ана. түлкі, шаңырақ, күрек, жақсы.

VІ. Шығармашылық жұмыс
Ғалымға хат жолдау
1 – топ.: Ахмет Байтұрсынұлы
2 - топ: Ыбырай Алтынсарин
3 - топ: Ахмет Байтұрсынұлы

VІІ Қорытындылау
● Ыбырай Алтынсарин (1841 - 1889)
Ағартушы, аса көрнекті педагог, ақын, қазақ балалар әдебиетінің негізін салушы. Ол орта жүз, қыпшақ руынан.
● Ахмет Байтұрсынұлы (1873 - 1937 жж.)
Тілші, ағартушы, ақын, оқу құралдарын жазған, орыс - қазақ мектебін бітірген, мұғалімдер мектебі қазақ газетін шығарады
● Екеуі де көрнекті ғалым, тұңғыш ғалым, сауатты

VІІІ Үй тапсырмасы.
ереже жаттау
Оқушыларды бағалау.


Скачать


zharar.kz