Асадал мен Кебеже Сабақты пысықтау

Скачать

Еңбекке баулу 4 сынып
Сабақтың тақырыбы: Асадал мен кебеже

Сабақтың мақсаты: 1. Қазақ халқының ұлттық бұйымдары жайлы түсінік беру. Киіз үй жиһаздары асадал мен кебеженің пайдасы жайлы білімді қалыптастыру.
2. Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру. Ой өрісін ойын элементтері арқылы дамыту.
3. Оқушыларды ұйымшылдыққа тәрбиелей отырып, адамгершілік ізгі қасиеттерді бойларына сіңіру, патриоттық тәрбие беру.
Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, түсіндіру, ой қорытындылау
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта

Сабақтың барысы:
І кезең: Ұйымдастыру.
- Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, сынып тазалығына назар аудару.
- Оқу құралдарын қадағалау.
- Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ кезең: Үй тапсырмасын сұрау.
1. Жүкаяқ қанша бөліктен тұрады?
Жауабы: Алдыңғы және жақтау ағаш, төрт аяғы, екі жақтау ағашты біріктіріп тұратын 4 - 5 шабақ ағаш және тіреуіштер.
2. Сандықтың неше түрі бар?
Жауабы: Абажа, әбдіре, қобдиша
3. Жүкаяқ қанша түрлерге бөлінеді?
Жауабы: Жасалу тәсіліне қарай жүкаяқ қайқы бас және үсті тегіс болып екі түрге бөлінеді.
4. Жүкаяқты қандай мақсатта қолданады?
Жауабы: Қайқы бас жүкаяққа төсек - орын жинайды. Үсті тегіс жүкаяқты сандық қоюға пайдаланады.
5. Шеберлер жүкаяқ бетін қалай әшекейлейді?
Жауабы: Жүкаяқтың алдыңғы бетін майлы бояумен сырлап, оюмен өрнектелген сүйекпен әшекейлейді.
6. Адалбақан дегеніміз не?
Жауабы: Киімдерді, жеңіл бұйымдарды іліп қоятын жабдық. Ол киіз үйде құру кезінде шаңырақты көтеріп тұру қызметін де атқарады.

Киіз үй көптеген көшпелі халықтардың негізгі баспанасы. Қазақ халқы да киіз үйді сан мыңдаған жылдар бойы өзінің төл баспанасы етіп келді.
Мал шаруашылығымен айналысып көшпелі өмір сүретін адамдар үшін киіз үй қыста да, жазда да қолайлы баспана болып саналған. Ең кереметі киіз үй көшіп жүруге ыңғайлы әрі жеңіл. Оны жарты сағатта жығып, тағы сондай уақытта тігіп үлгереді.
- Бүгінгі сабағымызда дұрыс жауап берген оқушыларды осы киіз үймен бағалайтын боламыз.
- Ал енді балалар Ойлан тап! ойыны бойынша ребусты шешіп көрейік

Жаңа сабақ: (теориялық мәлімет, ауызекі түсіндіру)
Кебеже – бидай, арпа, тары, күріш сияқты дәнді дақылдарды, тағы басқа да азық - түлік түрлерін салып қою үшін арнайы жасалған сандық. Кебежеде салмақты заттар сақталатын болғандықтан, оны қалың тақтайдан мықты етіп жасайды. Кебеженің сырт пішіні сандық сияқты болғанымен, жасалу тәсілі өзгеше. Кебеже аяқтары оның қабырғаларын, қақпағын, түбін біріктіріп тұратын негізгі арқау сияқты жасалады.
Кебеже қақпағы жартылай ашылады. Қақпақтың ашылмайтын бөлігі кебеже жақтауларына шегемен бекітіледі. Ал ашылатын бөлігі былғары таспамен немесе топсалармен екінші бөлігіне жалғасады. Шеберлер кебеженің бетін бедерлеп ойып, өрнектер салады, майлы бояумен әшекейлейді, өрнектелген сүйекпен жапсырмалайды. Ол өрнектер жан - жануарлар, өсімдік, геометриялық денелер бейнесіне ұқсас келеді.
Кебеже бетін өрнектелген сүйекпен жапсырмалағанда көбіне жыланкөз , сынық сызық , қос белбеу сияқты өрнектерді пайдаланады.

Асадал - асың адал болсын деген сөз. Оған ыдыс – аяқтар сақтайды. Асадал мықты әрі жеңіл ағаштан жасалады. Ол сәнді болу үшін шебер оның бетін әр түрлі бояулармен өрнектеп сырлайды.
Қазіргі заманда ыдыс – аяқ қоюға арналған жиһаздардың сан алуан түрі бар. Олар шыны, темір таспа, пластмасса таспа сияқты тегіс, жылтыр заттармен безендіріледі.

Сергіту сәті: Астанаға саяхат бейнеролик.
Топтастыру стратегиясы: Асадал мен Кебеже

Сабақты пысықтау:
1. Асадалмен кебеженің тұрмыста атқаратын қызметі қандай?
Асадал
Кебеже
2. Кебеженің сандықтан қандай айырмашылығы бар?
Сабақты қорытындылау.
Үйге тапсырма: Кебежені қатырма қағаздан жасап келу


Скачать


zharar.kz