Дара етістікті күрделі етістікке айналдыр

Скачать

Сабақтың тақырыбы: Дара және күрделі етістіктер
Сабақтың мақсаты:
1. Дара және күрделі етістік туралы білімдерін пысықтау, толықтыру;
2. Оқушылардың өз бетімен жұмыс істеу арқылы теориялық ойлау, сөйлеу қабілеттерін дамыту;
3Оқушыларды ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: кеспе қағаздар, сурет, суретті мәтін.
Сабақ барысы:

І. Бағдарлау - мотивациялық кезең.
Қызығушылықты ояту.
А Мына суретке қарайық. – Неге ұқсайды? Жыланға. Тағы неге ұқсайды? Туға, суға, оюға.
Көркем жазу.
Жылан су ту бұлт жылан су ту бұлт
- Жылан не істейді?- Жылан шағады, ысылдайды, жылжижы.

Ә Суретті мәтінмен жұмыс. Сурет орнына сөздер жазып, мәтінді оқу.
- Болат қандай бала деп ойлайсың? – Қорқақ, қу, өзімшіл, жуас.
- Болаттың қылығы дұрыс па?
Мәтіннен етістіктерді табайық.
- Етістік дегеніміз не?
- Етістіктің сұрақтарын атайық.
- Етістіктің неше түрін өттік?
ІІ. Операциялық - орындаушылық кезең.
1 - тапсырма: Дара етістікті күрделі етістікке айналдыр.
Оқыдым --------- оқып отырмын
Жүзді -----------.......
Барамын --------.......
Жинады --------.......

Оқулықпен жұмыс. 365 - жаттығу.
Жұмбақты шешіп, шешуін тап. Етістікті тауып, дәптерге жаз.
366 - жаттығу. Сурет көрсету. Суретке қарап әңгіме жазу.

Ой сергіту жаттығуы.
Слайдтағы көрініс көрінген кезде, мен зат есімдерді атаймын, оқушылар етістікті айтып отырулары керек.
Балық.... Су....

Шығармашылық диктант. Өлең құрастырайық.
Мен оқушы...,
Жақсы оқу талабым.
... соң мектепті,
..........
ІІІ Рефлексиялық - бағалау кезеңі.
2 - тапсырма: Берілген әріптен басталатын етістікке мысал келтіру. 1 минут
Т - терді, тоқыды
Б - бақырды, басты
С - сезді, сенді

3 - тапсырма: Ән тыңдап, етістіктерді табу.
Ойын: Жалғасын тап
Ба... буынынан басталатын етістіктер жазу. 1 минут
Балады, байқады, болды, бұрды, биледі, бұқты, барды, бақырды, бүлкілдеді.
Шығармашылық тапсырма: Сөздерді пайдаланып мақал құрау.
ҚОРҚЫТАДЫ, КӨП, БАТЫРАДЫ, ТЕРЕҢ.

Бағалау
Үйге тапсырма:


Скачать


zharar.kz