Мектеп кітапханасы

Скачать

4 – сынып
Сабақтың тақырыбы: Мектеп кітапханасы. Сын есім.
Сабақтың мақсаты: Білімділік мақсаты: Оқушылардың күнделікті алған білімдерін саралап, жаңғыртып, сөйлесу әрекетіне жетелейтін тапсырмалар арқылы тілдесім әрекетіне баулу. Сұраққа орынды және толық жауап беруге төселдіру, өз бетінше сұрақ қоя алуға үйрету.
Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың байланыстыра сөйлеу дағдысын жетілдіру. Қисынды ойлау қабілетін жандандыратын тапсырмалар арқылы тілдесім дағдысын дамыту.
Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларды сыпайылыққа, кітапты күтіп ұстауға, сүйіп оқуға, білімге жақын болуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру, әңгімелесу, миға шабуыл,
Көрнекілігі: Мектеп суреті
Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
Балалар, алдарыңдағы белгілердің ішінен қазіргі көңіл - күйлеріңе қайсысы жақын, сол суретті таңдай қойыңдар.
Көңіл - күйім өте жақсы Көңіл - күйім жақсы Көңіл - күйім жоқ

Сабақтың мақсатымен, барысымен таныстыру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Жаңа сабақ
• Жаңа тақырыпқа даярлау
Айтылым.
Ой шақыру.
1. Балалар, біздің деніміз сау болу үшін жақсы тамақтанамыз. Мектепте қай жерде тамақтанамыз?
2. Мектеп асханасы қандай?
3. Ол қай қабатта орналасқан?
Жаңа тақырып.
- Ендеше, дәптерлерімізді ашып, бүгінгі күнді, тақырыпты жазып қоямыз. Мектеп кітапханасы. Сын есім.
Тілдесім
Әңгімелер жинағы - сборник рассказов
көне - древний
Тартымды – притягательный
бірге барайық - вместе пойдем
Ойлап тапты – придумали
тарады - распростронилась
Салынды - был построен

Мәтінмен жұмыс. Оқылым. Тыңдалым.
1 - тапсырма. Сөйлесуді рөлге бөліп оқу.
5 - тапсырма. Мәтінді түсініп оқу.
Жазылым
2 - тапсырма. Сын есімдермен сөз тіркестерін құрастыру.
Мен қызықты кітап оқыдым. Кітапханаға көп жаңа кітап келді. Кітапханашы көне кітаптармен таныстырды. Ертегі кейіпкері әдемі. Орталықтағы кітапхана тамаша. Ол ақылды адам екен.

Сергіту жаттығуы
3 - тапсырма. Сұрақтарға жауап беру.
1. Сенің мектебіңде кітапхана бар ма? 1. Менің мектебімде кітапхана бар.
2. Ол қандай? 2. Ол әдемі, үлкен және жарық.
3. Кітапханада қандай кітаптар бар? 3. Кітапханада әңгімелер жинағы, ертегілер, ақын-жазушылардың кітаптары бар.
4. Саған қандай кітаптар ұнайды? 4. Маған ертегілер ұнайды.

4 - тапсырма. Сурет бойынша бірнеше сөйлем құрастыру.
Мынау - кітапхана. Кітапхана үлкен және жарық. Онда кітаптар, журналдар, газеттер көп. Кітапханада оқушылар кітап таңдап тұр.
Бекіту сұрақтары: 1. Мәтін не туралы?
2. Қағазды кімдер ойлап тапты?
3. Қағазды Еуропаға кімдер әкелді?
4. Қазір қағаздың неше түрі бар?

Үйге тапсырма: 86 - бет, 5 - тапсырма - әңгімелеу, жаңа сөздермен сөз тіркесін, сөйлем құрастыру.


Скачать


zharar.kz