Фариза Оңғарсынова өлеңі
Мен саған сыр айтамын:
біреулердің қайтеміз құр айтағын,
сезе тұрып қайғысын соңындағы;
білеміз ғой - қателік со жылдағы,
өкпе, наз бен жел - өсек - соның бәрі
сені менен мені тек мұңайтарын,
жел ескендей желпісіп жұрт етегін,
біздерді күлкі етерін;
сайқал - мысқыл ойнақтап жүздерінде,
жанашырсып жат жандар бізге мүлде;
мүләйімсіп түртетін бос қораны
аула - жайдың қорсылдақ шошқалары,
бұл күнде төс қағады
көктемде аузы тигендей күзгі егінге.
Мен ұққаным - осының бар шатағы -
тек бізді шаршатады:
екеуіміз де соншалық тырыссақ та
тіпті сәлемдеспеуге дұрыстап та;
ұмтылсақ та өзгемен ұғыспаққа -
содан біздің қайғымыз қанша тағы!
Мұның бәрі - бізді бір - бірімізге
одан сайын еріксіз аңсатады.
Фариза Оңғарсынованың басқа өлеңдерін қарау