Электр энергиясының алыс қашықтықтарға жеткізілуі

Скачать

Физика пәні 8 сынып
Физика пәнінің мұғалімі: Сандыбаева Айнур Саябековна

Сабақтың тақырыбы: Электромагниттік индукция. Генераторлар. Трансформаторлар. Электр энергиясының алыс қашықтықтарға жеткізілуі.
Сабақтың мақсаты:
• Біліктілік: Оқушылар электромагниттік индукция құбылысын зерттейді. Генераторлар және трансформаторлар мен танысады. Электр энергиясының алыс қашықтықтарға жеткізілуі жайлы мәлімет алады;
• Тәрбиелік: оқушылар пәнге деген қабілеті мен қызығушылығын арттырады;
• Дамытушылық: оқушылар логикалық ойларын, есте сақтау қабілеттерін дамытады; теориялық білімдерін практика жүзінде қолдана білуге дағдыландырады.
Көрнекіліктер: 1. Мультимедиялы презентация, суреттер;
2. Генератор, темір өзекше, катушкалар, шағын трансформатор.

Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Сабақтың мақсаты;
2. Сабаққа келмегендерді белгілеу.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру:
Табиғатта ешқашан бір жақты құбылыстар мен процесстер болмайтынын біз бірнеше рет байқадық. Егер электр тоғы магнит өрісін тудыра алса, онда кері құбылыс та бар болуы керек.
Сондықтан, Магнит өрісі электр тоғын тудыра ала ма? деген орынды сұрақ туады.
Дәл осындай кері құбылысты ағылшынның аса көрнекті ғалымы Майкл Фарадей табуға тырысқан.

Бүгiнгi күннiң технологиялары ПӘК - i 97 - 98% болатын трансформаторлар жасауға мүмкiндiк бередi. Трансформаторлардың электр энергиясын тасымалдаудағы рөлi ерекше. Электр энергиясын қашық аралықтарға тасымалдау күрделi ғылыми - техникалық мәселе болып табылады. Бұл жердегi негiзгi мәселе энергия шығынымен байланысты. Өткiзгiштердiң қызуынан болатын энергия шығыны Джоуль - Ленц заңына сәйкес тiзбектегi ток күшiнiң квадратына пропорционал, яғни Q=I2Rt. Олай болса, тасымалдау кезiндегi бос шығынды азайту үшiн тасымалданатын қуатты кемiтпестен, ток күшiн мүмкiндiгiнше азайту қажет. Оның бiрден - бiр жолы кернеудiң шамасын аса жоғары, жүздеген мың вольтқа көтеру. Жоғарғы вольтты электр тасымалдау жүйелерiнiң болуы осымен байланысты. Электр энергиясын өндiретiн жерде кернеудi трансформаторлардың көмегiмен 400 - 500 мың вольтқа дейiн жоғарылатады да, тасымалдап жеткiзген соң энергияны тұтынатын жерде керiсiнше өндiрiстiк 220 вольтқа дейiн кемiтедi.
Электр энергиясының алыс қашықтыққа берілуінің жеңілдетілген сұлбасы.

Электромагниттік индукция. Генераторлар. Трансформаторлар. Электр энергиясының алыс қашықтықтарға жеткізілуі жүктеу


Скачать


zharar.kz