Отты өлең өршіп барар өздеріңе, Ағаттық болмасыншы сөздерімде

Скачать

Қос келіншек

Ақын шіркін, аңғал ғой нағыз халық,
Сүңгиді теңіздерден лағылды алып.
Берешегін берерде қиналады,
Күлімдейді тұрғанда, қарызды алып.

Қос келіншек, қос қызғалдақ ырғаласың,
Жайдары мінездері нұрланасың.
Кеңейткен жұпар иіс тынысыңды,
Өппесең қызғалдақтан құр қаласың.

Отты өлең өршіп барар өздеріңе,
Ағаттық болмасыншы сөздерімде.
Қалайша, үн қатамын, тіл қатамын,
Қос бейне ою салды көздеріме.

Жырлаймын шамам келсе өрнектетіп,
Кетпесін жүздеріңнен көрнек кетіп.
Елітіп, есеңгіреп мен барамын,
Тек қана жүрмеңдерші желдеп кетіп.
1998 ж


Скачать


zharar.kz