Күшті болсын қолымыз

Скачать

Тақырыбы: Ғарышқа саяхат

Мақсаты: Балалардың денсаулығын сақтау, дене шынықтыру сабақтарында алған машықтарды жүгіру, секіру, лақтыруды қалыптастыру. Эмоцианалдық тұрақтандыруды көтеру. Денені тік ұстау, тепе - теңдік сақтау, жалпақтабандылықтың алдын алу. Дұрыс демалу жүйесін қалыптастыру. Бірлікке, өз - өзіне ұқыпты болу, денсаулығын сақтай білуге тәрбиелеу.

Құралдар: құм салған қалталар, текшелер, арқан, кегілдер, құрсаулар, тоннель, музыка

Балалар музыкамен залға кіреді.
Жүргізуші: Балалар, қараңдаршы бізге мынадай хабарлама келді SOS көмекке шақырған хабарлама. Қане оқып көрейік: Құрметті Жер ғаламшарының тұрғындары балалар! Біздің Марс ғаламшарына қауіп төніп тұр, жұлдыз жауынгерлері біздің ғаламшарды басып алмақшы , депті. Сендердің көмектерің керек. Көмек береміз бе, балалар!
Онда біз қазір ғарышқа саяхатқа шығамыз. Шығар алдында біз буындарымызды жаттықтырып алайық.

Балалар шеңберге тұрып буынды гимнастика жасайды.
1. Б. қ. Негізгі тұру. О: Саусақтарды алға созып, саусақты қозғалту ия деп айту: Қолдарымыз шаршамасын
2. Б. Қ. Аяқты алшақ қою, қол белде О: басты оңға, солға ию. Арқа мойын ауырмасын
3. Б. Қ. Негізі тұру О: екі қолдағы саусақтарды айқастырып құлыптап, сыртқа айналдыру. Күшті болсын қолымыз
4. Қабырғаны итеру Екі қолды екі жаққа итеру Көп - ақ біздің күшіміз
5. Б. қ. Тізені құшақтап отыру. О: арқаға жатып әткеншек сияқты ары - бері тербелу. Мықты бала боламыз


Скачать


zharar.kz