Сабақтың тақырыбы: §15. Қола дәуірінің қоныстары
Сабақтың мақсаты: Қола дәуірінің ерекшеліктерімен, мәдениетімен, ескерткіштерімен таныстыру.
Міндеті:
Б. оқушыларға мультимедиялық оқулықтар арқылы қола дәуіріне жалпы сипаттама, осы кезеңнің ерекшеліктері, археологиялық ескерткіштері арқылы нақты түсінік беру
Д. Қола дәуірінің ерекшеліктерін бүгінгі күнмен ұштастыра отырып оқушыларды сыни тұрғыда ойлауға дағдыландыру.
Т. Өз еліне деген құрмет сезімдеріне тәрбиелеу.
Көрнекіліктер:
Интерактивті тақта,
А3, А4 қағаздары,
стикерлер,
маркерлер,
электронды оқулық,
кеспе қағаздары
оқулық
Оқытудың нәтижелері:
ойлаудың іске асуын белгілеп отырады;
бұрыннан таныс мәліметті жаңа мәліметпен ұштастырады;
сыныптастарымен өз жұмысын талқылау, мәтінге, проблемаға терең талдау жасау;
идеяларын сыныптастарымен алмастыру, өзгелердің пікірін ескере отырып, қорытынды жасау;
мәтінмен өз бетінше жұмыс жасау дағдысын дамытады;
ақпаратпен ынталы жұмыс жасай алады;
Қамтылатын модульдер: 1 - модуль оқыту мен оқудағы жаңа тәсіл (топтық жұмыс), диалог, 2 - модуль сыни тұрғыдан ойлауға үйрету ВЕНН диаграммасы әдісі, Ішке және сыртқа әдісі Кілттік сөздер әдісі, Қалам столдың ортасында әдісі, Т сызбасы әдісі, Тұжырымдамалық кестесі әдісі, Кубизм әдісі, Топтастыру әдісі. 3 - модуль – бағалау Білім ағашы , 4 – модуль - АКТ пайдалану (электронды оқулықпен жұмыс, интерактивті тақтамен жұмыс)