Астана қаласы, 57 орта мектептіңматематика пәні мұғалімі Ахмедия А. Ш. Сабақтың атауы

Скачать

Астана қаласы, №57 орта мектептің
математика пәні мұғалімі Ахмедия А.Ш.

Сабақтың атауы: Ең кіші ортақ еселік
Сілтеме: Оқу бағдарламасы. Жалпы білім беретін мектептің 5 - сыныбына арналған оқулық. Математика, Т Алдамұратова, Е. Байшоланов. Алматы: Атамұра, 2015ж
Интерактивті тақта. Micrasoft Power Point
Жалпы мақсаты: ЕКОЕ алгоритмін пайдалана отырып, есеп шығаруды үйренеді
Сандар түрін ажырата біледі біледі.
Жай көбейткіштерге жіктей алады
ЕҮОБ және ЕКОЕ ережесін тұжырымдап есеп шығаруда қолданып тұжырымдайды
Өткен тақырыптарды еске түсіріп, ойлау қабілеттерін дамытады.
Күтілетін нәтиже: ЕКОЕ табу ережесін қолданып есеп шығара алады
Оқыту әдістері
Сыни тұрғыда ойлау, топтастыру, дарынды және талантты балаларды оқыту, диалогтық оқыту, оқыту үшін бағалау, АКТ.
Ұйымдастыру 1 мин
Оқушыларды түгендеу
Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу 2 мин
Тілек айту әдісі.
Топқа бөлу 3 мин
3. Жемістер арқылы топқа бөлінеді
4. Бағалау парағы
5. Сабақ критерийі
Ой қозғау: Пионербол ойыны.
Теориялық білімімізді тексеріп алайық, ол үшін мен доп лақтырып, сұрақ қоямын. Допты алған оқушы сұраққа жауап береді. Егер жауап бере алмаса досынан көмек сұрап, допты досына лақтырады.

Үй тапсырмасын сұрау: 5 мин
Ыстық орындық әдісі бойынша №. 717 (жұп), №718 есептердің шешімін түсіндіреді
Қызығушылықты ояту (конвертке жазылған тапсырмалар)
Топтық жұмыс 5 мин
І. Білу
1. ЕКОЕ ті табу үшін
Берілген натурал сандарды жай көбейткіштерге жіктеу керек
Берілген сандардың ең үлкенінің жай көбейткіштерін жазу керек
Оны оның жіктелуінде жоқ, басқа сандардың жіктелуінде бар жай көбейткіштермен толтыру керек
Шыққан көбейткіштердің көбейтіндісін табу керек
2. Берілген сандардың әрқайсысына еселік болатын ең кіші натурал санды ең кіші ортақ еселік деп атайды
3. Өзара жай сандардың ең кіші ортақ еселігі осы сандардың көбейтіндісіне тең


Скачать


zharar.kz