Бөлшектерді процентпен жаз

Скачать

Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы.
Математика пәні мұғалімі Исатаева Фариза
Математика 5 сынып
Сабақтың тақырыбы: Санның пайызын және пайызы бойынша санды табуға есептер шығару
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушылардың санның пайызын және пайызы бойынша санды таба
білу жөніндегі білімдерін толықтырып, есептер шығаруға үйрету;
Дамытушылық: оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттырып,
ойлау қабілеттерін дамыту;
Тәрбиелік: оқушыларды ұқыптылыққа, мәдениеттілікке, жан-жақтылыққа, дәлдікке, әсемдікке, өз ойларын еркін жеткізе білуге тәрбиелеу;
Сабақтың көрнекілігі: слайд, семантикалық карта, фишка (деңгейлік)
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың әдісі: Ж. Қараевтың деңгейлеп – саралап оқыту технологиясы, сұрақ – жауап
Сабақтың жүрісі:
I. Ұйымдастыру а) сәлемдесу
ә) сыныпты түгендеу
б) журнал толтыру

II. Үй тапсырмасын тексеру
Тамаша үштік
1) Сұрақ: Санның пайызын қалай табамыз?
2) №1312 есептің жауабы
3) Сұрақ: Пайызы бойынша санды қалай табамыз?

III. Жаңа сабақ
Есептер шығару
Математикалық қатар
І деңгей
І қатар. 57, 200, 250 сандарының 10% - ін
ІІ қатар. 24, 96, 400 сандарының 50% - ін
ІІІ қатар. 36, 100, 360 сандарының 25% - ін

ІІ деңгей
І қатар. Шебер 295 бөлшек дайындап, жоспарды 18% - ке артық орындады. Шебер неше бөлшек дайындауды жоспарлаған еді?
ІІ қатар. Мектеп кітапханасында 2890 оқулық бар. Бұл - ондағы барлық кітаптың 85% - і. Мектеп кітапханасында барлығы неше кітап бар?
ІІІ қатар. Сыныпта 12 қыз бар. Бұл - сыныптағы барлық оқушылардың 40%- і. Сыныпта неше оқушы бар?

ІІІ деңгей
І қатар. Бұйымның бағасы 15% - ке қымбаттады. Егер осы бұйымның алғашқы бағасы: 2000 теңге болса оның қымбаттаған бағасы неше теңге?
ІІ қатар. Бұйымның бағасы 15% - ке қымбаттады. Егер осы бұйымның алғашқы бағасы: 5000 теңге болса оның қымбаттаған бағасы неше теңге?
ІІІ қатар. Бұйымның бағасы 15% - ке қымбаттады. Егер осы бұйымның алғашқы бағасы: 8000 теңге болса, оның қымбаттаған бағасы неше теңге?

ІV деңгей
(0, 9•5+5•0, 6)-(0, 7•2+3•0, 7)=

Сергіту сәті
а) Жаттығу орындату (би)
ә) Математикалық лото логикалық сұрақтар:
1. Жүгіру жарысынан Асет, Марат, Талғат үш орынды алды, егер: Марат екінші орын алмаса, ал Талғат – бірінші орын алмаса, кім қандай орын алды? Жауабы: 1 - Марат, 2 - Асет, 3 - Талғат
2. Бес шырпы таяқшасынан екі үшбұрыш құру керек. Құраңдар.
3. Қараңғы бөлмеде майшам мен керосин лампасы бар. Бірінші не жағасыз? Жауабы: шырпы
4. Менің атым Медет. Менің тәтемнің бір ғана інісі бар. Менің тәтемнің інісінің аты кім? Жауабы: Медет
5. Допты лақтырғанда, доп сол ізімен кері қайту үшін оны қалай лақтыру керек? Жауабы: жоғары
Жауап берген оқушыға қалам және карандаш беру

IV. Бекіту
Семантикалық карта (Сайлау сөзі шығады)
Есептің берілісі
1. Бөлшектерді процентпен жаз: 9 100;
2. Процентті ондық бөлшекпен жаз: 25%
3. Процентті жай бөлшекпен жаз: 116%
4. 310 санының 10% процентін тап
5. 12%- і 10, 8 – ге тең санды тап
6. (5, 23 +6, 47) *2 =

Оқушылар қандай сөз шықты?
Жарайсыңдар, ендеше алдымызда келе жатқан кезектен тыс елбасымызды сайлауға барлықтарыңыздың отбасы мүшелеріңіз барады солай ма? Бәріміз де Елбасымызды сайлауға белсене атсалысамыз.

Балалар, сайлауға қатысып отырған 3 кандидат бар. Олар:
Нұрсұлтан Назарбаев
Әбілғазы Құсайынов
Тұрғын Сыздықов
V. Қорытындылау
Есептеңдер: 162 - (852: 3 - 148) = 26
26 саны шығады. Әрине бұл сайлау болатын күнді білдіреді
VI. Үйге тапсырма: № 1326, 1327
VII. Бағалау (күнделіктеріне баға қою)

Сабақ аяқталды. Сау болыңыздар!


Скачать


zharar.kz