Нешеу болды барлығы

Скачать

Сабақтың тақырыбы: О дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты:
1. О әрпімен оқушыларды таныстыру. Құрамында О дыбысы бар сөздерді талдау. О дыбысын дұрыс дыбыстатып, оның таңбасын – әрпін таныту. О дыбысы бар сөз, сөйлем ойлату.
2. Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту.
3. Еңбекке, адамгершілікке тәрбиелеу
Әдісі: сұрақ – жауап, жұмбақ, қайталау.
Көрнекілік: әліппе, мазмұнды сурет, қима әріптер, сызба – кесте.
Сабақтың түрі: саяхат сабақ.

Сабақтың барысы:
1. Жаңа сабақ.
- Балалар, бүгін біз Әріптер бағына саяхатқа шығамыз.
- әріптер бағына қандай көлікпен барсақ екен?
- Ал, балалар, ол баққа мен Білім көлігімен барғым келіп отыр.
- Ал сендер осы көлікке отыруға дайынсыңдар ма?
- Онда қарап отырмайық.
- Ал, балалар, ойнайық.
Ойнайық та ойнайық.
Қандай жұмбақ болса да,
Шешпей оны қоймайық.

1. Оюда бармын,
Допта бармын,
Түнде жоқпын.
Мен сонда қандай дыбыспын? (О)
О дыбысын 3 рет хормен қайталап айтқызу.
Осы дыбыспен сөздер ойлау.
- О қандай дыбыс?
- Ол сөздің қандай буындарында кездеседі?
- Кім осы дыбыспен мақал келтіреді?
Сергіту сәті:
Оң қолымда – бес саусақ,
Сол қолымда – бес саусақ.
Алақанды ашамыз,
Бесті беске қосамыз
Кел, санайық ал мұны,
Нешеу болды барлығы?
Оң қолымда – бес саусақ,
Сол қолымда – бес саусақ.
Жасырып ем бесеуін,
Қалды мұнда нешеуі?
Бесеу екен қалдығы.
Нешеу болды барлығы?
- О дыбысы кездесетін сөздер барма?
- Балалар, алдымыздан қасқыр шықты. Ол біздің қайда баратынымызды сұрады. Жауапты орындауға оқулықтағы үзік сызықтарға қосуымыз керек.
- Одан әрі жүріп келе жатқанымызда алдымыздан түлкі шықты.
- Егер оқулықтың осы бетіндегі Ою сөзімен үлгі бойынша сөйлем құрасаңдар, бақты өзім көрсетіп беремін, - деді ол қулана.
- Баққа жақындаған қарауылдың арпылдап иті шықты. Ол буындарды толықтырып оқып беруді бұйырды.
Ойын Күн мен Түн . Білім көлігімен баққа келеді. Олар:
- Балалар, қалай оқи алады екен, көрейік, - деп мына сөздерді оқуға берді.
- Балалар сөздерді оқып, олармен сөйлем құрайды. Енді оларға балалар басқа да өнерлерін көрсетпек болды.
1. Қошақан әні
2. Қамажай биі
3. Тақпақ, жұмбақтар айтылып ішіне О дыбысы табылып, сөздер буынға бөлінеді. О әрпін келтіре отырып Отан тақырыбы төңірегінде әңгімелесу. Балалар Отанын сүйетіндігін айтты. Оны мына өлең шумағымен пысықтай түсті.
Отанды әркім анасындай,
Қастерлейді, қолдайды,
Өйткені Отан баласындай,
Бізді асырап қорғайды,
Отан деген – атамекен.
Отан деген – туған жер.
Отан – ана, Отан – пана,
Қазақстан – туған ел.
- Сонымен, әріптер бағымен қош айтысып, саяхаттан аман есен өз мекенімізге оралдық.

2. Қорыту.
Алдар көсе сыныпқа келеді. Оның қоржынында бір тапсырма бар. Ол балалардың сабақты қаншалықты меңгергендерін білу үшін, О әрпімен сөздер құрастырғызады.
- Енді балалар, Алдар көсе өз ауылына аттанады. Ол сендерге сабаққа жақсы қатысқандарың мына сыйлықтарды тапсырады.
3. Үйге тапсырма.
Отан тақырыбына сурет салып келу.


Скачать


zharar.kz