Тәрбие сағаты
Тақырыбы: Елім менің
Мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға еліміздің тарихы, рәміздері, елбасы, салт - дәстүрлері туралы жан - жақты білім беру
Дамытушылық: Оқушылардың ой - өрістерін, өз бетінше ізденіс қабілеттерін дамыту
Тәрбиелік: Оқушыларды отансүйгіштікке тәрбиелеу. Елін, жерін, тілін, дінін, президентін сүюге әрі құрметтеуге шақыру
Көрнекіліктер: Интерактивті тақта, тұрмыс заттары. Қазақстанның картасы және т. б.
Қазақстан республикасының Мемлекеттік Гимні орындалады.
Жүргізуші: Армысыздар құрметті оқушылар және сабағымыздың қонақтары!
Тәуелсіз Қазақстан Республикасы – Еуразия материгінің орталық бөлігінде орналасқан мемлекет. Жер көлемі – 2724. 9 мың км2. Қазақстан жер көлемі жөнінен дүние жүзі бойынша 9 - орынды иеленеді.
Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін 1991 жылы 16 желтоқсанда жариялағаны белгілі.
Биылғы 2012 жылы жас мемлекетіміздің тәуелсіздігіне 21жыл, Мемлекеттік рәміздерімізге 20 жыл толып отыр. Сонымен қатар алғаш рет 1 - желтоқсанда Тұңғыш Президент күнін атап өттік. Біз бен сіздің бақытты күн кешіп жүргеніміз елбасымыздың арқасы. Олай болса бүгінгі Елім менің атты сайысымызға қош келдіңіздер.
Бүгінгі сабағымызға сынып оқушылары 2 топқа бөлініп сайыса отырып, өз білімдері мен өнерін ортаға салуға келіп отыр.
Бүгінгі сайыс сабаққа қатысқалы отырған оқушылардың білімдеріне баға беріп, төрелік жасайтын әділ қазылар алқасымен таныс болыңыздар.
Әділ қазылар алқасы тағайындалады.
Жүргізуші: Ендігі кезекте сайыс сабағымыздың ережелерімен таныстырып өтейін. Сайыс алты айналымнан тұрады.
І айналым. Еліміздің тарихына байланысты 5 сұрақ қойылады. 1 сұрақ 1 ұпаймен бағаланады?
1. Тұңғыш қазақ хандығы қай ғасырда құрылды? (ІҮ ғасыр)
2. Қазақтың алғашқы ханы кім? (Жәнібек)
3. Қазақ хандығының негізін қалаған сұлтандар кімдер? (Керей мен Жәнібек)
4. Жеті жарғы қай ханның тұсында қабылданды? (Тәуке хан)
5. Қазақтың соңғы ханы кім? (Кенесары)
Ән жасырылады. Дұрыс жауапқа 2 ұпай беріледі.
ІІ айналым. Бұл айналым қазақ тіліне арналады. ІІІ бөлімнен тұрады.
І бөлім. Сөздерді жазылуы бойынша дұрыс айту.
1. Кітап
2. Кемеңгер
3. Адамгершілік
4. Көкжиек
5. Шаңқобыз
6. Құдірет
ІІ бөлім. Тұрақты сөз тіркестерінің мағыналарын табу
1. Ат құлағы көрінбейді – өте биік шөп
2. Айды аспанға шығарды – атағы шықты, таң қалдырды
3. Бармағын тістеді – өкінді
4. Қызыл сөзден бал жағу – мадақтау
5. Түйенің тұяғы түсетін жер – өте алыс жер
6. Жүрегінің түгі бар – батыр
ІІІ бөлім. Әр топ өздері дайындап келген бір көнерген сөзді жасырады.
Ән жасырылады. Дұрыс жауапқа 2 ұпай беріледі.
ІІІ айналым. Бұл айналымда команда капитандары өздерінің ойыншыларына тұлғаларды жасырады. Жазылған адамды тікелей атауға болмайды. Әр топқа 1 минут уақыт беріледі.
І топтың тапсырмалары:
1. Нұрсұлтан Назарбаев
2. Жұмекен Нәжімеденов
3. Шәмші Қалдаяқов
4. Шота Уәлиханов
5. Серік Ахметеов
6. Мұхтар Шаханов
7. Олжас Сүлейменов
8. Тохтар Әубәкіров
9. Иманғали Тасмағанбетов
10. Серік Сәпиев
ІІ топтың тапсырмалары:
1. Жандарбек Мәлібекұлы
2. Абай Құнанбаев
3. Шоқан Уәлиханов
4. Бауыржан Момышұлы
5. Шәкен Ниязбеков
6. Роза Рымбаева
7. Талғат Мұсабаев
8. Ансар Мұсахонов
9. Илья Ильин
10. Дариға Назарбаева
Ән жасырылады. Дұрыс жауапқа 2 ұпай беріледі.
ІV айналым. Салт дәстүрге байланысты бейне сұрақтар қойылады.
Ән жасырылады. Дұрыс жауапқа 2 ұпай беріледі.
V айналым
І бөлім. Сенемін сенбеймін
І топтың сұрақтары.
1. ТМД да өндірілетін күмістің 50% Қазақстанда шығатынына сенесіз бе?
2. Қазақстан темір қоры жөнінен ТМД да бірінші орын алатынына сенесіз бе?
3. ТМД елдеріндегі хромиттің 97% Қазақстанда өндірілетініне сенесіз бе?
4. Ең алғашқы ғарыштық туристі ғарышқа алып ұшқан қазақстандық ғарышкер екеніне сенесізбе?
ІІ топтың сұрақтары
1. Қазақстанда 45 мың өзен бар екеніне сенесізбе?
2. ТМД да өндірілетін алтынның 5 % Қазақстанда шығатынына сенесізбе?
3. Ең алғашқы ғарышкер ғарышқа қазақ жерінен сапар шеккеніне сенесізбе?
4. Мараганец қоры жөніне Қазақстан дүниежүзінде төртінші орында екекніне сенесізбе?
ІІ бөлім. Заттарды табу. Ортаға көне құралдар шығарылады.
ІІІ. бөлім. Географиядан сұрақтар. Картада көрсетілген облыстарды табу
IV бөлім. Қанатты сөздерді авторларын табу.
Қазақ халқына ең әуелі оқу керек, оқу керек, оқу керек! Оқыса көзі, көкірегінің көзі ашылады. Көзі ашылғанын айтпай - ақ, ымдамай - ақ, нұсқамай - ақ өзі көреді. Оқымаған адам, оқымаған халық – надан, қараңғы, соқыр.
Сәкен Сейфулин
Өгізді өрге салма – қанатың талар, наданға көзіңді салма – сағың сынар. Досыңы өтірік айтпа – сенімің кетер, дұшпаныңа сырыңды айтпа – түбіңе жетер.
Төле би
Ерден ердің несі артық,
Ептестірген сөзі артық.
Малдан малдың несі артық,
Бірақ асым еті артық,
Жерден жердің несі артық,
Брақ уыс шөбі артық.
Міндетіңе алған сөзден,
Шегінген жігіттен,
Аштан өлген аюдың өзі артық
Қазыбек би
Суалмайтын суат жоқ,
Тартылмайтын бұлақ жоқ.
Құйрығы суда тұрса да,
Уақтытысы жеткенде
Қурамайтын құрақ жоқ.
Әйтеке би
Дау мұраты – біту,
Саудагер мұраты – ұту,
Қыз мұраты – кету,
Жол мұраты – жету.
Сырым батыр
Ән жасырылады. Дұрыс жауапқа 2 ұпай беріледі.
VI айналым. Сөз құрау
І топ. Ат........, Есек........ (арба)
Сүтті төкпе......... болады (обал)
.......... бетін тырнама (жара)
...... ғайып, қонақ ғайып, несібе ғайып. (ажал)
Ұл......, қыз....... (бала)
(обыр)
ІІ топ. Алты........ (алаш)
Бала, баланың ісі......... (шала)
Екі жасар сиыр (тана)
Еркек түйе (атан)
Бүк, шік,......, тәйкі (алшы)
Қысқы сырғанақ (шана)
Жеңімпаздарды анықтау марапаттау.