Дарабоз ана
(шамамен 1690 - 1770)
Дарабоз ана – шешен әрі би. Қазіргі Алматы облысы Ескелді ауданының төңірегінде дүниеге келген. Ұлы жүз құрамындағы Жалайыр тайпасынан шыққан. Шын есімі – Қалипа, кейін Үлпілдек атанған. Қайын атасы Кенжеке келінінің өзгелерден ақыл - ойы ерекше екенін біліп, Жолбарыс биге сынатыпты. Сонда би Дарбоз анадан былай деп сұрапты: Көкке тіреу не болар? Көлге піспек не болар? Терісін теспей етін сорған не болар? Жілігін шақпай, майын сорса, қара нарды қалтыратқан қаңтар ғой. Жілігін шақпай майын сорса, екі ағайынды ақпан (айы) ғой. Сонда Жолбарыс би Сенің өз қатарыңнан ойың озық, бұдан былайғы ныспың Дарабоз болсын деп бата берген екен .
Дарабоз ана қиын - қыстаулы күндерде Жетісу жерінде жауға қарсы күресті ұйымдастырған Ескелді Жылкелдіұлы, Балпық Дербісәліұлы, Қабан Асанұлы сияқты ел басшыларына серік бола білген. Ел ішіндегі мәселелерді бітімгершілікпен шешіп, екі жақты жарастырып отырған. Күйеуі Құлжа табиғатынан жуас адам болғанымен, Дарабоз ананың ықпалымен ол да ел ісіне араласқан екен. Дарабоз ананың ықпалымен ол да ел ісіне араласқан екен. Дарабоз ананың көріпкелдік қасиеті болған деседі. Ол қоғамдағы әйел адамдардың орнын көтеруге көп күш салған.
Бірде Балпық би Дарабоз анадан Әйелдің қандайы жақсы? деп сұрапты. Сонда Дарабоз анадан Көшкенде жетелейтін боталы түйесі болса, ерттеп мінетін құлынды биесі болса, алдында бесігі болса, маңдайының несібі болса, әйелдің жақсысы сол болады деген екен.