Ф А Л Е С

Скачать

Ф А Л Е С
Геометрия тарихына енген оқымыстылардың ішіндегі ең ертедегісі осыдан екі жарым мың жыл бұрын өмір сүрген грек философы Фалес болып табылады. Геометрия тарихы ғылым ретінде Фалестен басталады деуге болады.
Алғашқы дәлелдеулер қашан пайда болады? Осы тұста буалдырланған уақыт шымылдығынан ғажап адам ерте заманғы Милет қаласының атақты данышпаны көз алдымызға келгендей болады. Ғылым тарихшылары таңқаларлық ауызбірлікпен алғашқы математик атағын Фалес Милетскийге (625-527 ж жаңа дәуірге дейін) меншіктеді. Фалесті алғашқы геометрик деген дұрыс. Себебі оның барлық математикалық жетістіктері геометриямен байланысты. «Математика» ұғымының өзі ғылымның аты ретінде тек ХІХ ғасырдың басында ғана пайда болғанын айта кеткеніміз жөн болар. Оған дейін математикамен шұғылданғандар геометриктер деп атаған. Ең алғашқы геометриялық теоремаларды Фалес дәлелдеген деп есептеледі.
Солардың ішінде вертикаль бұрыштар туралы теорема тең бүйірлі үшбұрыштың қасиеттері туралы теорема бар. 8 сыныпта Фалес теоремасы деген тағы бір теореманы үйренеміз.


Скачать


zharar.kz