Inkscape бағдарламасында контурды жасау және редакциялау. (7 сынып)
Сабақтың мақсаты: басқа нысандардан арнайы құралдарды пайдаланып, контур жасап үйрену, нысандармен әрекет жасау
Оқушылар білуі тиіс:
- Контурды анықтауды;
- Қарындаш, Қалам, Каллиграфиялық қалам құралдарының көмегімен контур кезеңдерін салуды.
Оқушылар үйренуі тиіс:
- Қарындаш, Қалам, Каллиграфиялық қаламды пайдаланып, фигуралардан контур жасауды, ерекшелеуді, түйін (узел) құралының көмегімен түйіндерді редакциялауды;
- контурлық әсерлерді қолдануды
Дамытушылығы:
• Тақырып бойынша алған теориялық білімдерін тапсырма орындаған кезде тиімді пайдалану;
• Алдына қойған мақсатқа жетуді ұғындыру;
Тәрбиелілігі:
• оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту;
• өз бетімен жұмыс істеуге үйрету;
• құралдарды тиімді қолдану, ұқыптылыққа баулу.
Сабақтың түрі: практикалық сабақ
Сабақтың әдісі: көрсете – түсіндіру, сұрақ - жауап, жеке жұмыс, деңгейлік тапсырмалар.
Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: слайд, видеопроектор, лездік тест, таратпа тапсырмалар, сәйкестендіру тесті, шыңға шығу макеті, жұмыс дәптер, компьютерлер, оқулық.
Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері, геометрия, логика.
Сабақ жоспары:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру
ІІІ. Сабақтың мақсаты мен міндеттерін қою
ІV. Білімді өзектендіру
V. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
VІ. Қорытындылау
VІІ. Бағалау.
VІІІ. Үйге тапсырма беру.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық
Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру және сабаққа жұмылдыру мақсатында психологиялық дайындық өткізу.
Балалар, сіздердің алдарыңызда жазғы табиғат көрінісі, бұл табиғат сіздерге жақсы көңіл - күй сыйласын. Мұндағы табиғат көрінісін, әдемі түстермен, Күнге – сары түс берсек, аспанға – көк түс, өсімдіктерге – жасыл түс беріп жандандырайық. Бұл түстердің мағынасын ашайық:
Сары түс – белсенділік белгісі.
Көк түс – әділдік, мейірімділік, тұрақтылық белгісі.
Жасыл түс - бүгінгі сабақта жақсы жетістіктерге жетуге әкеледі.
Сәттілік тілеймін!
ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру (слайд 2, 3)
1. Сәйкестендіру сұрақтары (кесте)
2. Лездік сұрақтар
1. Нысанды ерекшелегеннен кейін оны.................... болады.
(жылжытуға, өлшемін және түсін өзгертуге, түрлендіруге, бұруға, бейнелеуге)
2. Нысанды қосарлау үшін............................................... бұйрығы қолданылады.
(Түзету – Қосарлау немесе Ctrl + D)
3. Клондау бастапқы нысанды өзгерте отырып, клон – нысандарды............... мүмкіндік береді. (өзгертуге)
4. Бірнеше нысанға бір уақытта әрекеттер жасау үшін оларды............................
(ерекшелейді (Shift басып тұрып) және топтпастырады Ctrl + G)
5. Топтастыру амалына кері амал -....................... (нысанды бөлу (Ctrl + Shift + G))
ІІІ. Сабақтың мақсаты мен міндеттерін қою (слайд 5)
ІV. Білімді өзектендіру
Өткен сабақтағы компьютерде орындалған тәжірибелік тапсырмалардың орындалуын талдау, кездескен қиыншылықтар мен уақытты көп алған тұстарына тоқталу.
V. ЖАҢА САБАҚТЫ ТҮСІНДІРУ
Проблемалық жағдай. Қалаған суретті алу үшін фигураларды қолдану жеткілікті ме? Тек қана сурет салу құралдарын пайдалану арқылы кескінді алуға болмайтын суретті көрсету (слайд 6). Оқушыларға өз тәсілдері арқылы кескінді алу мүмкіндігін беру. Осыдан, оқушылар нысандарды түрлендіру жеткіліксіз екендігі, редактордың арнайы мүмкіндіктерін пайдалану керектігі туралы қорытынды жасауы қажет.
(Сабақты түсіндіру кезінде, слайдпен қатар Inkscape бағдарламасын қолданып, оқушыларды өзіме ілестіріп, көрсетіп отырамын).
• Контурларды жасау және редакциялау үшін Қарындашты, Қаламұшты, Каллиграфиялық Қаламұшты, Түйіндерді пайдаланамыз.
• Контур – құйып бояу мен жиектеу параметрінен тұратын қисық сызықтардың тізбектелуі.
• Контурлар - Түйіндер құралын қолданумен редакцияланады:
Контурды жасау. Контур – Нысады контурлау (Оконтурить объект). Контурлармен жұмыс істейтін құралдар: (суреті көрсетіледі)
Түйіндерді редакциялау, фигураларды өзгерту, қисық сызықтармен жұмыс жасау үшін қолданылатын құралдардың ерекшеліктерін көрсету (слайд 7, 8, 9, 10)
Қарындаш – кез келген түзудің суретін салу үшін қажет. Қарындаш параметрлері:
• Тегістеу (сурет көрсетіледі)
• Пішін (сурет көрсетіледі)
Қарындашпен салынған қисық сызықтардан көптеген түйіндері бар қисық алынады. Жеке түйіндерді құралдар параметрлерінің панеліндегі Түйіндердегі батырмамен жоюға болады.
Қаламұш
Құралдар қисықтармен қоса, түзу контурларды да алуға мүмкіндік береді.
Қаламұшта төрт режім қолжетімді:
• Безье қисығы;
• Спиро қисығы;
• Тік кесінділердің тізбектелуін салу (бір - біріне қатысты кез - келген бұрыштарда);
• Тік кесінділердің тізбектелуін салу (бір - біріне қатысты тікбұрыштарда).
Контурдың Түйіндер санын автоматты түрде Контур – Жеңілдету (Упростить) (Ctrl+L) бұйрығын орындау арқылы кішірейтуге болады.
Түйіндер тінтуірдің шертуімен қосылады. Контурды салуды аяқтау тінтуірді екі рет шерту немесе Enter пернесін басу арқылы орындалады. Контурды соңғы түйіннен бастап толықтыруға болады.
Контурларды біріктіруге, үзуге, тегістеуге және түзетуге, түрлендіруге болады.
Каллиграфиялық қаламұш
Каллиграфиялық қаламұш құралы Қарындашқа ұқсас, бірақ өзара тұйықталған параллель екі котурды құрайды. Каллиграфиялық суретті қаламұшпен құру:
Тапсырма
Қаламұштың әртүрлі пішінін пайдалана отырып, әр режімде S әрпін алуға тырысыңдар.
Каллиграфиялық қаламұш құралының баптауы мен пішінін өзгерте отырып, бірнеше контур жасаңдар. Нәтижелерді салыстырыңдар.
V. Тәжірибелік жұмыс. Деңгейлік тапсырмаларды орындау (оқулықтың 129 бетіндегі А, В, С деңгейлері).
А деңгейі. Киім үлгісін салу.
В деңгейі. Қазақтың ұлттық өрнегінің элементін жасау.
С деңгейі. Киіз үйді салып, оны қазақтың ұлттық ою - өрнектерімен безендір.
VІ. Қорытындылау
Шыңға шығу макеті арқылы өткен тақырып бойынша сұрақтарға жауап беріп, тұжырымдама жасау.
Кері байланыс:
- Маған қызықты болғаны.....
- Маған қиын болғаны......
- Сабақ несімен ұнады.... т. б.
VІІ. Бағалау. Компьютерде тәжірибелік тапсырмаларды орындауды бағалау.
VІІІ. Үйге тапсырма беру. § 24 оқу, 128 беттегі бақылау сұрақтарына жауап жазу.
Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы,
Қарағайлы кенті, ЖББ №16 орта мектебінің
ІІ санатты информатика пәнінің мұғалімі:
Әділхан Назым Әділханқызы