Қиярдан әзірленген ащы салат қыс мезгіліне дайындық
Қатты пісіп кеткен қиярды тастамай, қыс мезгіліне сақтауға ащы салат түрін әзірлеуге болады. Ол үшін қиярдың жұмсақ жері яғни ортасын ойып алып тастау керек.
Ол үшін бізге керек көкөністер:
Жуып тазалап өзегінен ажыратылып қойған қияр – 3 кг
Болгар бұрышы – 1 кг
Пияз – 0, 5 кг
Сәбіз – 1 кг
Сарымсақ – 3 бас
Ащы (аджика) – 250 гр
Тұз – 2 ас қасық
Шекер – 7 - 9 ас қасық
Сұйық май – 100 гр
Сірке қышқылы (уксус) 9 % - 120 гр
Су – 200 гр
Жасалуы:
Көкөністерді жуып - тазалап бәрін ұзынша етіп турау қажет.
Сарымсақты майдалап турау немесе езу. Үлкен ыдысқа бәрін араластыру көкөністерді түгел салу. Дәмдеуіштерді қосу (тұз, шекер, сұйық май, ащы (аджика), сірке қышқылы, 1 стакан қайнаған су). Жақсылап араластырып жарты сағатқа қалдыру сөлі шыққанша. Стерилденген банкаларға салу, қақпағын жабу. Кастрөлге қалыңдау мата төсеп банкаларды салу су құйып, банканы сыртынан 20 минут қайнату керек. Сонан соң банкаларды бұрағышпен бұрап жауып, төңкеріп жылы орамал жауып қою.
Дайындаған: Жайна
Қиярдан әзірленген ащы салат (қыс мезгіліне дайындық). жүктеу