Балықшы мен кішкентай таба
Бір күні балықшылар көл жағасында бір әпенді ер адамды кездестіріпті. Ол балық ұстап отырып, бір балықты алады, бір балықты тастайды, өте түсініксіз қылық жасайды. Әр ұстаған балығын өлшеуішпен өлшеп отырғанын балықшылар байқайды. Егер балық 15 см артық болса балықты көлге жібере салады екен. Балықшылар мұның бұл әрекетіне таң қалып сұрайды: айтшы, ең ірі дәмді балықты суға жібере салғаның қалай? Ол аспай - саспай: Таң қалатын несі бар, менің балық қуыратын табамның өлшемі 15 см оған үлкен балық сыймайды деп жауап беріпті.
Бақыт
Құдай адамды саз балшықтан құйып жатып, балшықтан пайдаланылмаған бір бөлшегі қалып қойыпты.
– Құдай мына бөлшектен тағы не жасайын, - деп адамнан сұрапты.
– Маған енді бақыт керек,- депті Адам. Құдай ештеңе деп жауап бермепті, саз балшықтың қалған бөлшегін адамның алақанына салып қоя салған екен.