Сырғаңнан сылдыраған үн келеді
Жүректі тербетеді ағын жүріп,
Барасың бір өзіңе табындырып.
Жүрсең де көз алдымда ырғатылып,
Шөлдетіп барасың - ау, сағым қылып.
Кішкене жүрегіме мұң келеді,
Мұңымменен жансарайым гүлденеді.
Осылай ой толғақта жүргенімде,
Сырғаңнан сылдыраған үн келеді
Білемін мұңдарыңды, тыңдарыңды,
Өзіме айтып берем нұрлы әнімді.
Әзірге сен бір жұмбақ шешілмеген,
Ұғынта алсам болды сырларымды.
Сенімен күн шуағым көркем екен,
Періште ақ көңілмен келсең екен.
Нәрін сез гүл бақшаны аралада,
Мен сені еркелетем, ертегі етем.
1987 ж