Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы
Қарлығаш тобы
Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімдері: Жапсыру.
Тақырыбы: Әдемі гүлдер.
Мақсаты: Әдемілікті сезіне білуге, көркемдік талғамдарының жетілуіне ықпал ету. Сопақша пішінді қиып алу арқылы гүл күлтесін, жапырағын жасап, гүл бейнесін жапсыруға үйретіп, жапсырудың әдіс - тәсілдерін меңгерту. Қайшыны дұрыс ұстау мен қолдана білуді, түстерді, көлемді ажыратып, кеңістікті бағдарлай білуге үйрету.
Іс - әрекет кезеңдері
І кезең. Дәлелдеу - ояту
Тәрбиешінің іс – әрекеті
Жылулық шеңбері:
Қайырлы таң, көк аспан
Қайырлы таң, алтын күн
Қайырлы таң, достарым
Қайырлы таң, қонақтар – деп назарларын сандыққа аудару.
- Балалар, қараңдаршы біздің топта сиқырлы сандық пайда болыпты, ішін ашып көрейікші не бар екенін.
II кезең. Іздену, ұйымдастырушы
- Балалар, сандық ішінде хат бар екен.
- Оқып көрейін бе, балалар?
- Құрметті Қарлығаш тобы бүлдіршіндері, сіздерді ормандағы қоян мырзаның үйіне, туылған күніне шақырамыз! Барамыз ба, балалар, кеттік ендеше.
- Онда балалар, біз қоянға құр қол бармайық. Орман алқабындағы гүлдерді тамашалап, гүл жасап, ала барайық. Қалай ойлайсыңдар балалар?
Орманда жылап отырған аюға кездеседі.
- Мынау кім балалар, жылап отырған?
- Мен аюмын қорбаңбай,
Қимылдаймын қорбаңдай
Омартаны көргенде,
Бас қоямын ойланбай.
- Аю неге жылап отырсың?
- Қоян мені туылған күніне шақырып еді, соған әдемі гүлдер жасайын десем, жасай алмай әуремін.
- Жүр онда бізбен бірге, біздің балалар әдемі гүлдер жасауда саған көмектеседі, бізді де қоян туылған күніне шақырған біргелікте барамыз.
Аюды өздерімен бірге ертеді.
- Жолда түлкіге кез болады.
- Мынау кім балалар, мұңайып отырған?
- Мен айлалы түлкімін
Бос өтпейді бір күнім,
Қораз көрсем қорадан
Тояр еді құлқыным.
- Неге мұңайып отырсын түлкіжан?
- Мені қоян туылған күніне шақырып еді, соған құр қол баруға ұялып отырмын.
- Жүре ғой онда бізбен бірге, біздің балалар саған көмектеседі.
Слайд Гүлдер алқабында
- Ал енді балалар, осы әдемі гүлдерді қиып, жабыстырайық.
- Тәрбиеші балаларға гүлдерді қалай дұрыс жабыстыру тәсілін көрсетеді. Геометриялық пішін тіктөртбұрыштың бұрыштарын, сопақша пішінді қиып алу арқылы гүл күлтесін, жапырағын жасау керектігін түсіндіреді.
Сергіту сәті: Шаршағанда ырғалып,
Гүлге ұқсап дем алам.
Қанатымды бір қағып,
Гүлдей болып жайқалам.
Балалар, қане жабыстырып болсақ, барлық гүлдерімізді мына жерге орналастырайық. Қоянда бізді күтіп қалған болар. Тездетіп барайық.
ІІІ кезең
Рефлексивті - түзету
Балалардан оқу іс - әрекет туралы сұрақ қою арқылы әңгімелесу. Жетістіктеріне қарай мақтап, мадақтау.