Астана қаласына сурет бойынша саяхат ұйымдастыру

Скачать

Әліппе
Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным - Қазақстан. Астана
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға Қазақстан Республикасы жайлы оның астанасы Астана қаласы жайлы толық түсінік бере отырып, сөйлем туралы айту, суреттер бойынша әңгіме құруға баулу;
2. Баланың сөздік қорын, тіл байлығын дамыту;
3. Оқушыларға патриоттық тәрбие беру.
Сабақ түрі: жаңа сабақ
Әдіс - тәсілі: түсіндіру, сұрақ - жауап, әңгімелеу, көрнекілік
Көрнекілігі: суреттер, рәміздің суреті, Астана жайлы суреттер.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылардың сабаққа зейіндерін аударамын.
Сабаққа қажетті оқу - құралдарын дайындатамын.
Баланың партада дұрыс отыруын қадағалаймын.

ІІ. Жаңа сабақ:
Кіріспе әңгіме.
Сабақты Қазақстан Республикасы жайлы әңгімеден бастаймын.
Біздің туған жеріміз - Отанымыз Қазақстан Республикасы. Қазақстан өте үлкен республика. Оның табиғаты алуан түрлі, жері бай. Қазақстанда әлемге әйгілі тарихи ескерткіштер, табиғаты көркем қорықтар, демалыс орындары көптеп кездеседі. Талай қиындықтарды бастан кешкен қазақ халқы - бүгінгі күні егемендікке қол жеткізген ел. Қазақстан егеменді ел. Бүгінде ел басқарып отырған президентіміз - біздің алғашқы елбасымыз - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
Оқушыларға Қазақстан Республикасының картасын көрсетіп, таныстырамын. Қазақстан Республикасының рәміздерімен таныстырамын.
Астана қаласына сурет бойынша саяхат ұйымдастыру. Астана қаласының зәулім сарайы - Үкімет үйі бар. Онда біздің елімізді басқаратын Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев отырады.

Сергіту сәті:
Көжегім тұршы,
Бетіңді жушы.
Айнаға қарашы,
Шашыңды тарашы,
Киіміңді киші,
Мектепке қарай жүрші.
Орныңа отыршы,
Сабағыңды оқышы.
Оқулықпен жұмыс:
Балаларға оқулық пен дәптердің атқаратын қызметі туралы түсінік беру. Оқулық пен дәптерді қалай ұстау керектігі туралы айтып, түсіндіремін.
Оқулықтағы суреттер бойынша оқушыларға сөйлемдер құратамын. Әнұранды жатқа айтқызамын.
Дәптермен жұмыс:
Оқушыларға дәптердің партада қалай орналасатыны туралы айтып, түсіндіру. Жәй қарындашты және қаламды қалай пайдаланып, қалай ұстау керектігін айту.
Дәптерде берілген суреттерді боятамын.

ІІІ. Сабақты қорыту:
Оқушылардың орындаған жұмыстарының дұрыстылығы мен ұқыптылығына қарай сәйкес белгілерді боятамын.
Жаңа сабақ бойынша сұрақтар қоямын.
Оқушыларға өлеңді оқып беремін.

Ей, бас қалам - Астанам!
Қадамың бар баспаған,
Асуың бар аспаған.
Халқым жетсін мұратқа,
Ей, бас қалам - Астанам!
Шырқап көкке аспан ән,
Болашаққа бас қадам.

Қазақ рухын биіктет,
Ей, бас қалам - Астанам!
Қосымша оқып беремін.
Дыбыстар мен әріптер әлемі 12 - бет. Астанам.
ІҮ. Үйге тапсырма: Суреттермен жұмыс жасау.
Ү. Бағалау - мадақтау:


Скачать


zharar.kz