Жай және құрама сандар

Скачать

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 5. 1В Натурал сандардың бөлінгіштігі
5 сынып
Сабақ тақырыбы: Жай және құрама сандар.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 5. 1. 1. 6. Жай және құрама сандардың анықтамаларын білу
Сабақ мақсаттары: Жай және құрама сандардың анықтамаларын білу
Натурал сандар туралы білімдерін кеңейту
Жетістік критерийлері - Жай және құрама сандарды анықтайды;
- Жай және құрама сандарды ажырата алады
Ойлау дағдыларының деңгейі: Білу, түсіну, қолдану, талдау.
Тілдік мақсаттар: Оқушылар:
- жай және құрама сандардың анықтамасын құрастырады;
- Жай және құрама сандардың бөлгіш және бөлінгіш анықтамаларын құрастырады.
- құрама сандардың бөлінгіштік белгілерін құрастырады
Пәнге тән лексика мен терминология:
- санның бөлгіші;
- жай сандар;
- құрама сандар;
- қзара жай сандар.
Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:
- натурал сандардың бөлінгіштігі деп....;
- натурал сандардың бөлгіші деп....;
-... сан жай сан, өйткені...
-... сан құрама сан, өйткені...

Құндылықтарды дарыту
- Жеке, жұптық және топтық жұмыс түрлері арқылы сыйластыққа, ынтымақтастыққа, еңбексүйгіштікке, шығармашылыққа тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыстар - тарих пәні.
АКТ қолдану дағдылары Интербелсенді тақта
Бастапқы білім
Арифметикалық амалдардың компоненттері; натурал сандардың көбейтіндісі мен бөліндісі; жұп және тақ сандардың анықтамалары; санның бөлгіші.

Сабақтың басы
Бірлескен қоршаған ортаны жасау:
1. Оқушылармен амандасу: Сәлеметсіздер ме оқушылар, сендерді көргеніме ризамын. Жұмысқа дайындалайық. Бір - біріңе бүгінгі сабаққа сәттілік тілейік. Сәттілік шеңбері әдісі.

2. Мақсат қою: Бүгінгі сабақтың эпиграфына назар аударайық Әлемді сандар билейді! Пифагор (Жаңа тақырыпты ашу)
Бұл сөздердің мағынасын қалай түсінесіздер? Бүгінгі сабақтың тақырыбы Жай және құрама сандар . Алдымен мақсатты қойып алайық. Жалпы мақсатты құрастыру.
3. Ауызша есептеу (Үй тапсырмасын тексеру).
Бағалау критерийлері:
оқушылар:
- Натурал сандардың бөлгіштерін таба алады.
- Натурал сандардың бөлінгіштерін таба алады.

Слайдта тапсырмалар: (оқушылар тақтаға шығып тапсырманы орындайды)

Ауызша кері байланыс (бағыты: мұғалім - оқушы)
Сұрақтар:
- Тапсырмалардың қайсысы сендерге түсініксіз болды?
- Тапсырмалардың қайсысы сендерге жеңіл болды?
- Қалай ойлайсыздар, неліктен бұл тапсырмалар жеңіл болды?
- Қалай ойлайсыздар, неліктен бұл тапсырмалар қиын болды?

Сабақтың ортасы
Өткен тақырыпты қайталау (тапсырма презентацияда) Бәріне бірдей
1 тапсырма.
Мариям 20 тоқаш пісірді. Бәріне тең тоқаштан қалу үшін Мариям қанша досын қонаққа шақыра алады?
2 тапсырма.
Лейла 31 браслет тоқыды. Бәріне браслеттің тең саны шығу үшін Лейла қанша құрбыларына сыйлай алады?
3 тапсырма.
Барлық сандардың бөлгіштерін табыңыз: 50, 7, 829, 31, 24, 12, 23, 9, 100.
Шығару жолын талдау.
1тапсырманың шығару жолы. 20 санының барлық бөлгіштерін табу керек. Б (20) ={1, 2, 4, 5, 10, 20}
Жауабы: Мариям 1, 2, 4, 5, 10, 20 досын қонаққа шақыра алады.
ҚБ Бағдаршам (сигнал карталары әр оқушының партасында жатады ЖАСЫЛ – барлығы түсінікті; САРЫ – сұрақтарым бар; ҚЫЗЫЛ – түсінбедім) Кері байланысты Бағдаршам әдісімен өткіземіз.
Кері байланыс.
2 тапсырманың шығару жолы. 31 санының барлық бөлгіштерін табу керек. Б (31) ={1, 31}
Сұрақ туындайды: 31 санында тағы басқа бөлгіштер бар ма?
ҚБ Бағдаршам
Кері байланыс.
3 тапсырманың шығару жолы.
Б(50) ={1, 2, 5, 10, 25, 50}
Б(7) ={1, 7}
Б(829) = {1, 829}
Б(31) ={1, 31}
Б(24) ={1, 2, 3, 4, 6, 8, 12, 24}
Б(12) ={1, 2, 3, 4, 6, 12}
Б(23) ={1, 23}
Б(9) ={1, 3, 9}
Б(100)= {1, 2, 4, 5, 10, 20, 25, 50, 100}
ҚБ Бағдаршам

Ауызша кері байланыс (бағыты: мұғалім - оқушы)
Бөлінгіштер санына қарай №3 тапсырмадан натурал сандарды қандай 2 топқа бөлуге болады?
Оқушылар ұсыныс береді: бірінші топ 2 бөлінгіші бар сандар, екінші топ 2 - ден көп бөлінгіштері бар сандар.
3. Гипотеза шығару. Диалогтық оқыту
Мұғалімнің сұрағы: әр топты қалай атауға болады?
Оқушылар өз ұсыныстарын береді.
Егер ұсыныстар дұрыс болса, мұғалім сұрақ қояды: Топтың атауы дұрыс екендігін қалай тексеруге болады? , егер ұсыныстар болмаса мұғалім сұрайды: Сандардың топтарының атауларын қалай білуге болады? . Қорытындылай келе оқулықпен жұмыс жасау керектігі туралы ой туғызады.

Естай Есжанов атындағы №9 орта мектеп КММ
Мұғалімнің аты - жөні: Кужина С. У.

Жай және құрама сандар. жүктеу


Скачать


zharar.kz