Оқушылардың оқу құралын тексеру

Скачать

Қазақ тілі 3 класс
Сабақтың тақырыбы: Ц дыбысы
Мақсаты:
Білімділік: Ц дыбысының айтылуы мен ц әрпі бар сөздердің жазылуын түсіндіру.
Дамытушылық: сөзжұмбақ, ребус шешу арқылы оқушылардың танымдық қабілетін дамыту.
Тәрбиелік мәні: цирк өнерпаздарының өнерін бағалауға, белсенділікке баулу;
Сабақ типі: жаңа білімді меңгерту
Сабақ түрі: дәстүрлі сабақ
Көрнекілік: Ц әрпі, бейнелі сурет, Цирк көрінісі, интерактивті тақта, слайдтар, сөздік жұмысы
Әдіс - тәсіл: Сын Тұрғысынан Ойлауды Дамыту старатегиялары; ой шақыру мағынаны тану, топтастыру ой шақыру т. б. тест, бағалау
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру бөлімі. Оқушылардың оқу құралын тексеру.

Ой шақыру Жұмбақ шеш.
Көкқұтанша ақ айдында.
Бір аяқпен тұрады.
Тұмсығымен ол мұнда,
Шыр айналып шығады.
- Циркуль
Циркуль – оқу құралы (затты көрсету)
- Циркуль сөзі қандай дыбыстан басталған?
- Ц дыбысы
Біз бүгінгі сабақта Ц дыбысын өтеміз.
Мағынаны тану.
Ц дыбысын айту.
Ц – тіл алды, қатаң дауыссыз дыбыс.
Ц дыбысы Қазақ тілінің төл сөздерінің құрамында кездеспейді.

Орыс тілінен енген сөздермен, терминдерге тән.
Ц – қатаң дауыссыз дыбысты белгілейтін әріп.


Скачать


zharar.kz