Соңында төмендегі нәтижені бағалау бойынша оқушының қиялының ерекшеліктерін анықтау

Скачать

Павлодар облысы, Шарбақты ауданы,
Жылыбұлақ негізгі мектебінің психологы
Ниязова Дамира Қауашқызы

1 - сыныпты диагностикалау
(ойлау қабілеті, қиялы, есте сақтау қабілеті)
Сурет сал әдістемесі (қиялын анықтау)

а) оқушыға қағаз бен түрлі-түсті қарындаш ұсынып, қызықты бір суретті ойлап салу тапсырылады.
ә) Жұмыс жасауға 4 минут уақыт беріледі.
б) Соңында төмендегі нәтижені бағалау бойынша оқушының қиялының ерекшеліктерін анықтау.

Оқушының суретін балдық жүйе бойынша төмендегідей критерияларымен бағаланады.
10 балл - бала берілген уақыт ішінде әр адамның ойына келе бермейтін, түпнұсқадағыдай, өзінің қиялының бай екенін көрсететіндей сурет ойлап салыпты. Суреттің әр бөлігіне көңіл бөліп салған
және адамның көзінің жауын алады.

8 - 9 балл - бала түпнұсқадағыдай ойлап отырып салған. Суреті әсерлі, әдемі боялған. Бірақ жаңалық болатындай емес сурет салған. Суреттің әр бөлігіне көңіл бөлінген.

5 - 7 балл - бала салған сурет тартымды болғанмен ешкімге жаңалық емес, бірақ атап өтуге тұрарлық. Сурет бөліктері мен образы орташа бейнеленген.

3 - 4 балл - бала өте қарапайым және фантазиясының жарқын екендігі байқалмайтын сурет салыпты.

0 - 2 балл - бала берілген уақыт ішінде ештеңе ойлап бейнелеп сала алмады. Берілген парақта сызықтар ғана салған.

Қиялының даму деңгейінің қорытындысы:

10 балл - өте жоғары
8 - 9 балл – жоғары
5 - 7 балл - орташа
3 - 4 балл - төмен
0 - 2 балл - өте төмен

Ойлау қабілеті әдістемесі

Мақсаты: Түсінікті анықтау, себебін білу, айырмашылығы мен ұқсастығын, интеллектуалды дамуын анықтау.
Ойлау қабілетінің ерекшеліктерін сұраққа дұрыс жауап беруінің нәтижесінен білеміз. Барлығы 20 сұрақ.

1. Мына жануарлардың қайсысы үлкен?
Жылқы немесе ит
2. Таңертең адамдар таңғы астарын ішеді.
Түсте және кешке тамақ ішуді не дейді?
3. Күндіз дала жарық, түнде?
4. Аспанның түсі көк ал шөп ше?
5. Жидек, алмұрт, өрік және алма - бұл....?
6. Неге поезд жүріп келе жатқанда шлагбаум түсіріледі?
7. Павлодар, Астана, Алматы – бұлар нелер?
8. Қазір сағат неше? (балаға сағат ұсынып, уақытты айтқызу )
9. Жас сиырды бұзау дейді. Жас ит пен жас қойды не дейді?
10. Ит неге көп ұқсайды? Мысыққа ма, тауыққа ма? (жауабын түсіндір)
11. Автомобильдің тежегіші не үшін қажет?
12. Балға мен балтаның бір - біріне ұқсастығын айт
13. Мысық пен тиіннің ұқсастығы неде?
14. Шеге, винт, шуруптың айырмашылықтары неде?
15. Футбол, ұзындыққа секіру, теннис деген не?
16. Көлік түрлерін ата.
17. Кәрі адамның жас жігіттен айырмашылығы неде?
18. Адамдар спортпен не үшін шұғылданды?
19. Егер кім де кім жұмыс істегісі келмесе, жаман қылыққа жататындығы неде
20. Ұялы телефонға бірлікті не үшін салу керек?


Скачать


zharar.kz