Дастарханды жабдықтай отырып, сулықтарды бүктеу тәсілдерін үйрену

Скачать

ШҚО, Үржар ауданы,
Келді-Мурат ауылы Благодарное орта мектебінің
технология пәнінің мұғалімі Камен Абилхайдарқызы Курманова

Мақсаты:
Білімділік: Дастарханды жабдықтай отырып, сулықтарды бүктеу тәсілдерін үйрену.
Дамытушылық: Оқушының алған білімін өз бетінше қолдана білу қабілеттілігін дамыту және нәзік икемділік пен ептілікке бейімдеу.
Тәрбиелік: Оқушыларды тазалыққа, ұқыптылыққа, эстетикалық талғамының жоғары болуына тәрбиелеу.
Көрнекілік құрал-жабдықтар: Плакаттар, сулықтардың түрлері, дастархан, шай, ыдыс-аяқтар.

Cабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу, сабаққа даярлығын тексеру.
2. Өткен сабақты қайталау: сұрақтар арқылы жауаптар алу.

а) Асханалық ыдыстар қызметіне қарай қандай болып бөлінеді;
ә) Асханалық құралдар неше топқа бөлінеді?
б) Дастарханды қалай жабдықтаймыз?
в) Дастарханды жабдықтау дегеніміз не?
г) Ыстық шәй шөліңді қандырады, жаныңды жадыратады, бойыңды жылытып, сергітеді екен. Ал енді осы шәйді қалай демдейміз?
Жаңа сабақты бастамас бұрын мына сұрақтарды қайталап, пысықтап алайық.
1. Техника қауіпсіздік ережесін қайталау;
2. Тазалық талаптарын еске түсіру;
3. Дастархан басында дұрыс отыру мәдениетін айту.

Жаңа сабақ.
Сулықтар тек тазалық үшін ғана емес, сонымен бірге дастархан мәдениетін сақтауға көмектеседі, ал әдемі сулықтар дастарханға мерекелік сән береді.
Сулықтардың екі түрі болады:
1. Сорғыш қағаздан, яғни бір рет қолдануға арналған түрі;
2. Матадан тігілген, өрнектеліп, кестеленген, яғни жуып, крахмалдап, үтіктеп қолдана беруімізге болатын түрі.
Сулықтарды бүктеудің бірнеше түрі бар. Біз бүгін бес тәсіл бойынша сулықтарды бүктеп үйренеміз.
1. Шам
2. Гүл
3. Көбелек
4. Құс қанаты
5. Қайық
Осы сулықтардың бүктеу технологиясына жеке-жеке тоқталып, таныса отырып, сарамандық жұмысты орындаймыз.
Осы сулықтардың ішінен бір түрін таңдап алып, барлық оқушылар сарамандық жұмыс орындайды. бүктелген сулықтардың ішінен әдемі жасалған сулықты алып, дастарханды жабдықтаймыз.

Жаңа тақырыпты бекіту сұрақтары:
1. Сулықтар не үшін қажет?
2. Сулықтардың қандай түрлерін білесіздер?
Бүгін сабақта неше бүктеу тәсілін үйрендіңіздер, аттарын атаңыздар?
Қорытынды. Оқушыларды бағалау.


Скачать


zharar.kz