Үйірме жұмысын қызық әрі тиімді етіп өткізейік
Үйірме: Қазақ халқының ұлттық ойындары
Сабақ№1
Сабақ тақырыбы: Асық ойындары — Қазақ халқының ұлттық ойындарының бірі.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Ұлтымыздың негізсіз ұмытылып бара жатқан ойынын жаңғырту, бабаларымыздың ойыны туралы түсінік беріп, қызығушылық ояту.
Дамытушылық: Асық ойнату арқылы оқушыларды дәлдікке, мергендікке, ептілікке жеңіске деген құштарлыққа, намысқойлыққа, әділдікке баулу.
Тәрбиелік: Оқушыларды ұлтымыздың құндылықтарын қастерлеуге баулу, қазақ халқының брендттерін сақтап әлемдік денгейдегі спорттық ойындар қатарына қостыруға ой туғызу.
Міндет: Асық ойынының барлық ережелерін, қыр – сырларын зерттеп, ізденіс жұмыс жасап, асықтың түрлерімен ерекшелерін білу.
Сабақ барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі
А) Оқушылардың үйірме мүшелігіне қабылдау туралы арыздарын алып, үйрме мүшелерін бекіту
Ә) Қажетті құрал - жабдықтарды тағайындап, олармен таныстыру, психологиялық ахуал туғызу
II. Ой қозғау:
Мұғалім:
- Асық туралы не білеміз?
Оқушылар:
- Асық - қазақ халқының ұлттық ойыны
- Асық қазақ халқының, ырымдарында қадірлі сүйектің бірі.
- Баласының ермегі, ойыншығы, сүйікті ойыны болған
Мұғалім:
- Асықты ойнасаң грыжа ауруы боласың деп қорқытқан шындыққа жанасады ма?
Оқушы: Ұлттығымызды ұмыттырғысы келгендер кез келген ұлтымыздың дәстүрін, салтын, ойынын жамандыққа ырымдап халықты оз тамырынан алыстатқысы келгендердің ісі бұл!
Мұғалім:
- Дұрыс айтасың, Асылан!
- Асық ойынын не себептен спорттық - олимпиада ойындарының қатарына қоспай отыр?
Оқушы:- Себебі, асық ойыны ұмытылып, асылын айтқан себептермен ойын ретінде шеттетілді, Бірақ қазір компьютердің ойындарымен ойнайтын балалар көп зиян шегетінін ешкім де айтпайтыны таңқаларлық, ағай
Мұғалім:
- Компьютер ойындары баланы ашушаң, қатігез, мейрімсіз етеді Көз жанарын бұзады. Қазір екі баланың бірі көзілдірік киеді, ал Асық ойыны бұрын батырларымызды мергендікке тәрбиелеген
III. Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Ұлттық ойындары көбінесе әр халықтың әлеуметтік - экономикалық жағдайларына, шаруашылың мүмкіншіліктеріне байланысты қалыптасқан. Қазақ халқының ұлттық ойындарының көбі табиғи заттармен ойнауға негізделген. Шаруашылығы мал шаруашылығына негізделгендіктен қазақ халқының ұлт ойындары да осыған икемделеді. Әсіресе, қойды көп өсіргендіктен, балалар ойынының көбі қой асығымен байланысты болып келеді. Сондықтан асық ойындары ұлт ойындарының ішіндегі арыдан келе жатқан көнелерінің бірі болып табылады. Асық ойыны баланың жастайынан нерв жүйелерін шыңдап, оларды дәлдікке, ұстамдылыққа, байсалдылыққа тәрбиелейді. Мұндай қасиеті болмаса, адамда төзімділік, шыдамдылық та болмайды. Ондай қасиеттері болмаса, адам ойында да, өмірде де көздеген мақсатынан шыға бермейді. Бұл ойынның еңбектеген баладан, еңкейген кәріге дейін ойнайтын түрлері болған.
Асық ойыны, баланың күн ұзақ қимылына тигізер әсері мол. – Ойын барысында: • жүгіру • жүру • иілу • секіру • сақа иіру • көздеп тигізу • лақтыру, ату т. б, жатады
IV. Асық атаулары:
1. Құлжа - арқардың аталығының асығы
2. Сақа - арқардың асығы
3.. Жабайт – еліктің асығы
4. Асық - қой мен ешкінің асық жілігінен
5.. Шүкімайт - қозы мен лақтың асығы
V. Асыққа байланысты ырымдар:
А. Келінінің аяғы ауырлап босануға тақағанда, енесі не атасы ырымдап асық жинап жүреді. Атаның құдай ұл берсе деп тілегені. Оны жасырып оңаша келінге сездірмеуі мүмкін. Ондағы ойлары көз тимесін, келін аман - есен, босанса екен деп тілек тілеуінің бір тәсілі.
Ә. Ер баланың бесігіне қасқырдың асығын, тырнағын тағуы мүмкін, ауырмасын - көз тимесін және айбатты, қайтпас қайсар, болсын дегені. Қыз баланың бесігіне - еліктің асығын, әдемі сұлу ел қызығар көркі болсын дегені.
Б: Ерте кездегі табиғаттың қатал, аңдардың олжаға оңай ілікпейтіндігін, аңшының адал еңбегі, ер азаматтың қайраты мен жау жүректілігі екендігін жақсы білеміз. Сондықтан да аңның асығы қадірлі болады.
VI. Қонағымыз ақсақал - ата Қабақ атаның әңгімесі: Жылы сөз бен мейірім. Айналайын деген құдіретті сөз. Биологиялық, психиологиялық және гендік энергия, күш - қуатқа бай екендігін ғалымдар дәлелдеп отыр. Қазіргі тәрбиедегі балаға дауыс көтеріп сөйлеу, ұрып жібу қашықтықтан басқаратын роборт секілді айтқанымды орындай қоймадың - деген дұрыс емес. Қабақпен басқарып отыр, тұр жылама деген бұйрықтар нәрестеге кері әсер етеді. Бұтына памперске зәрін жинақтауы ананың ластығы. Сәби шаңсорғышта, боқшық та емес. Жас аналарға айтарымыз - нәрестені омырау сүтімен қоректендір, тәнін таза ұста, ертегі айтып ұйықтат, ән айтып оят. Мейірленген ананың омырау сүті нәрестенің тәбетіне ерекше әсері болады. Ертеңгі азамат еліне, жеріне халқына, туған - туысына, досына деген ниеті ақ, көңілі таза болары даусыз. Асық ойынында асықтың берекесі де, басшысы да сақа . Асықтарды атқанда сақамен көздейді. Бас бармақпен сұқ саусаққа қысып ұстап жоғары сілкіп, салмақтап айландырады. Айландырып тұрған сақаны сағаттың тіліне қарсы иіріп атады. Ірі әрі салмақты иіріліп тиген сақа асықтарын бірнеше домалатады. Шебер иіріліп атылған сақа, асыққа тигенде 10 сантиметрден 150 сантиметрге жерге дейін ұшырып жібереді.
Асықты иіріп тастағандағы жатысы бес түрлі аталады:
1. Ең сәтті тұрғандағы атауы алшы . барлығын бірден ұтасың
2. Төңкеріліп тұрғаны тәукі тәуекел мағанасы (тәйкі)
3. Екбетінен жатқаны бүк бүк түсіп жату
4. Шалқасынан түскені ішік іші көрініп жатуы
5. Егер еңкейіп, тұмсығымен тік қадалса омпа омақаса құлаған
6. Таза тұрмай - алшы тұрғаны қисайып, не тәйкі қисайып тұрса қырта дау туғызатын қырынан жату деп аталады
VII. Ойнату
VIII. Жеңімпазды анықтау
IX.. Үй тапсырмасын беру: Барлық асыққа байланысты қазақ халқының мақал – мәтелдерін біліп келу