Ата - аналар жиналысының жоспары.
6 сыныбындағы жаңа форматтағы ата - ана жиналысы.
Тақырыбы: Табысты мектеп – мінсіз оқушы . Критериалды бағалау модулімен таныстыру
Мақсаты: 1. Оқытудың жаңа әдістеріне және олардың оқушы дербестігін, жауапкершілігін, өзін - өзі реттеудің, ізденушілік қабілетін дамытудағы маңыздылығын түсіндіру.
2. Ата - аналарды оқу процесіне кіріктіру.
3. Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру арқылы білім сапасын көтеру.
4. Ынтымақтастық педагогикасы аясындағы Мектеп - Ата - Ана қағидасын ұстану
Күтілетін нәтиже: 1. Ата – аналардың мектептегі оқу үрдісіне деген көзқарастары өзгереді.(Топтық жұмыс, жұптық жұмыс, жекелеген жұмыс, оқу үрдісіндегі әр түрлі стратегиялар, Борт журналы және т. б.)
2. Ата – аналар балалардың оқу үрдісінен үнемі хабардар, ықпал етеді, көмектеседі.
3. Ынтымақтастық педагогикасы негізіндегі ілгері жұмыстар. Мектеп - отбасы - оқушы
Ресурстар: Мұғалім нұсқаулығы – І деңгей, ролик, презентациялар, модуль Критерииалды бағалау
интернет ресурстар
1. Топтарға бөліну.
Топ ережесімен таныстыру.
1. Топтарға ертегі кейіпкерлерін жинақтау арқылы бөліну.
2. Сіздердің алдарыңызда топта жұмыс істеуге байланысты Топ ережесі жатыр. Танысуларыңызды сұраймын.
o Сенімділік қарым - қатынас
o Бір - бірінің көзқарасын құрметтеу
o Өз ойын ашық айту
o Топтың жұмысқа белсенді қатысу
Бірінші (ілгері) деңгей бойынша сертификатталған Ы. Алтынсарин атындағы мектеп – гимназиясы базасындағы тірек мектебінің мұғалімі Г. Р. Сыздыкова