Дәстүрге айналған Алтын күз мерекесіне қош келдіңіздер

Скачать

Атырау облысы,
Исатай ауданы, Исатай селосы
Жалпы білім беретін Исатай орта мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі
Тілепиева Ақборық Нурлыбайқызы

Тәрбие сағатының мақсаты:
1) Балаларға күзгі табиғаттың ерекшелігін білдіру.
2) Күз мезгілінің тіршілікте тиер пайдасын, табиғаттың өзгешелігін, қыр - сырын тақпақ, өлең жолдар мен нақыл сөздер арқылы ой - өрісін дамыту. Жыл мезгілінің ішіндегі күз айының алатын орны жөнінде айту.
3) Балаларды табиғатты қорғауға, сүюге, аялауға, қажырлы еңбек етуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Суреттер, сыныпты безендіру, аппликация, жеміс - жидек, көрме.
1ж. Аружан
- Армысыздар, ұлағатты ұстаздар!
Бармысыздар, жадыраған жас достар!
Бәрекелді, мерекелі алтын күз құтты болсын!
Уа, халайық, халайық,
Мұнда назар салайық!
Мерекесі халықтың
Алтын күзге арналған,
Кешімізді бастайық!

2ж. Ринат
Құрметті Алтын күз мерекесіне жиналған мұғалімдер қауымы мен ата - аналар және оқушылар! Дәстүрге айналған Алтын күз мерекесіне қош келдіңіздер! Қасиетті күз мезгілін бір сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Күз - байлық, күз - молшылық, күз - қуаныш, күз - шаттық дей отырып, күзді 2 б сынып оқушыларының қатысуымен үлкен салтанатты мерекеге айналдырып отырмыз.
1ж. Аружан
Міне, біздің өмірімізге тағы да бір Алтын күз келіп жетті. Жасымызға жас қосылып, бір сыныпқа жоғарылап, тағы да бір күзді қарсы алып отырмыз.
2ж. Ринат
Тағы да күз, тағы міне, сары таңды ұзақ түн,
Уысында тағы мен ұйқы дейтін тұзақтың.
Ой - хой, шіркін, тағы міне бір күзді мен ұзаттым
Өмірімнің есейгенін сезінемін күзде мен.

1ж. Аружан
Алдағыға асығамын, өткенді әсте іздеумен,
Ой - хой, шіркін, болашаққа құмармыз біз деген.
Жүрші, жаным, қоңыр күзде серуендейік жырақта,
Қайтқан құстың әуенімен қоштасайық қыратта.
2ж. Ринат
Күз өткенге кейімеймін, сағынамын бірақ та,
Қайтып бара жатыр әне сағыныштар, тырналар.
Ақ қайыңдар, тал, теректер алтын сары сырғалар,
Туған жердің кеудесінде тұнжырайды жылғалар.
Тақпақтар айту
1 оқушы Әділет
Жаңартқан ғаламды,
Жаңбырлы ғажап - ай.
Осынау заманда,
Орнатқан қазан - ай.
2 оқушы Ләзиза
Күзде келді күз келді,
Күдерін жаз үзгенді.
Күз де келді күз келді,
Көкте бұлттар жүзді енді,
Күз де келді күз келді.
Құстар мекен іздеді.
Қондырмады түзге елді.
Күз де келді күз келді,
Керек оқу бізге енді.

3 оқушы Ильяс
Қайтқан құсты көрдің бе?
Қаптай ұшқан әуелеп,
Күткен күзім келдің бе?
Сыңсып бағын мәуелеп.
Қамба толы астыққа,
Алғыс саған алтын күз.
Бір уыс дән шаштық та,
Қап – қап қылып алдық біз.
1ж. Аружан
Табиғаттан бабамыз ала келген секілді,
Дархандықты қазаққа дала берген секілді.
Еркелікті, ерікті желден алған секілді,
Мөлдірлікті көгілдір көлден алған секілді - деп Қадыр Мырзалиев ағамыз жырлағандай бүгінгі күзгі мерекемізді табиғатты аялау. Табиғат сұлулығын сақтау тақырыптарымен ұштастырсақ артық айтпаған болар едік.

Күздік көрме. оқушылар жасап келген бұйымдарын көрсетіп, әңгімелейді
4 оқушы Амангүл
Артты құт пен береке,
Астық толы мереке.
Салтымыз ғой мереке,
Алтын күзді тойлаймыз.
5 оқушы Равиль
Қызыл қырман басында,
Ақ бидайды сапырған.
Диқандардың қасында,
Күз есепші отырған.
6 оқушы Данагүл
Ағаштардан жапырлап,
Ұшты кенет жапырақ.
Ой, алақай тамаша,
Шашу шашты жапырақ.
2ж. Ринат
Ерке өсіп ен жайлаған ұл мен қыз,
Бәріне сәлем жолдап жүректен біз.
Тәтті күй, асқақ ән мен әсем биді,
Сіздерге тарту етіп біз де тұрмыз.

1ж. Аружан
Ән: Құстар қайтып барады.
7 оқушы Ерлан
Көрініп еліме
Күндері мереке
Келді ғой жеріме
Күз дейтін мереке

8 оқушы Дарын
Алтын сары қызыл көк
Алуан - алуан жапырақ
Күзгі бақта күлімдеп
Көз тартады атырап
9 оқушы Төрехан
Бұлтиып бүйірі
Құлайды қырдан мал
Күзгі бақта күлімдеп
Көз тартады атырап
1 ж Аружан
Демеңіздер біз өнерді аяп қалды
Мезгілде біраз жерге таяп қалды
Баға беріп дастарқан мәзіріне
Күздік дәмге шақырсақ қонақтарды

2ж Ринат
Қыздардың дайындаған салаты
10 оқушы Нұрлыгүл
Қарашы далаға
Реңі сары ала
Пісті алма салбырап
Сарғайды бал құрақ
Аспанда қаптаған
Бір тыныш таппаған
Жөңкіліп келеді
Суық жел еседі

11 оқушы Тахмина
Берекесін жинауға
Өлкемізге күз келді
Жемістерін жинауға
Шақырады біздерді.
Құстар қайтты ән салып,
Бұлт торлады аспанды.
Қыс келеді жар салып,
Күзгі суық басталды.

12 - оқушы Гүлназ
Алтын күз сіз бен бізге шуақ шашсын,
Көңілдің серіппелі күйін ашсын.
Бақ пенен шаттық бірге қатар қонып,
Біздерге бірлікпенен ортақтассын.

1 - ж: Аружан
Келтіретін әрдайым сезім күйін,
Қарсы алайық, Ләзизаның Шығыс биін.

Қорытынды
Білім – теңіз, мектепті кеме дейміз,
Білім менен тәрбие егіз дейміз.
Әдебі мен тәлімі үндесетін,
Жастарды болашаққа жетелейміз.
Қош дейміз әлі талай кештер бар,
Өнерлерің өрлей берсін ұландар,
Ойлы орта кеңейсін күннен - күнге, Өскен елдің жұртынан қалыспаңдар - дей отырып, бүгінгі Ой - хой, шіркін, тағы да күз атты кешімізді аяқтай келе назарларыңызға Күзгі түс вальсін ұсынамыз.
Вальс: оқушылар билейді.
Сөз кезегін ұстаздарға береміз.


Скачать


zharar.kz