Сауат ашу (1 сынып)
Сабақтың тақырыбы: О дыбысы және әрпі
Сабақтың мақсаттары
1. Білімділік О әрпі және дыбысы туралы жалпы түсініктерін пысықтау. Оған мысалдар келтіру, талдау.
2. Дамытушылық Оқушылардың сөздік қорларын молайту, қызығушылығын
ойлауын, белсенділігін арттыру.
3. Тәрбиелік Белсенділікке, ұқыптылыққа, талдай білуге және о дыбысының сөздің басында, ортасында, аяғында келетінін байқату, мысалдар келтіру
Сабақта қолданылатын әдіс – тәсілдер: Сұрақ – жауап, көрнекілікті, іздендіру, әңгімелеу, ойлау, ойнау, т. б
Көрнекіліктер: суреттер, үлестірмелі суреттер, тапсырмалар.
Пәнаралық байланыс: Тіл дамыту, бейнелеу өнері.
Сабақтың барысы: I Ұйымдастыру кезеңі
1. Оқушылармен амандасу, түгелдеу, дайындықтарын тексеру, Сабаққа назарларын аудару
а . Оқушыларды топтастыру
Дөгелек, сақина, жұмыртқа суреттерімен топтастыру.
1 топ – Дөңгелек
О о – кәдімгі дөңгелек
Кетпесін ол дөңгелеп
2 - топ Сақина
Сақинаға қарайық
Ұқсайды оған қай әріп?
3 топ – Жұмыртқа
Жұмыртқа бұл өтімді
Балапан боп жетілді
Көздің нұрын жаулайды,
О әрпінен аумайды.
2. Сақ бол, ойыңа сақта ойынын ойнату Мұғалім тақпақты айтады. Әр топ жаттап алып қайталайды. әрбір дұрыс жауаптарға жетондар беріліп, сабақ соңында санап, бағаланады.
3. Оқулықпен жұмыс а Сөздерге дыбыстық талдау жасау
ә Сурет бойынша әңгімелеу
б Тірек сызбамен сөйлемдер құрау
4. Жаңылтпаш жарысы. Ошақта от жақ,
Шақтап, от жақ
Он қап, он қапты қақ,
Он қапты қақ та, қапта.
5. Баспалдақ құрастыру
О _ (Оқ)
О _ _ (Оқу)
О _ _ _ (Ойын)
О _ _ _ _ (Орман)
ІІІ Дәптермен жұмыс
Дәптердегі таңбалардың салынуын түсіндіру
6. Сиқырлы буындар ойыны
-------→- на
Ой ---→ ла
-------→ мақ
-------→ у
Оқ ---→ шы
-------→ы
7. Тірек сызба бойынша сөйлемдер ойлап айту
ІV Бекіту
а Жетондарды санап, жеңген топты табу. Мадақтап, марапаттау, Бағалау.
б Сұрақ жауап арқылы түсінгендерін тексеру, қайталау, пысықтау.