Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы,
Абай атындағы №4 мектеп - лицейінің
бастауыш сынып мұғалімі
Маденова Эльмира Кайратовна
Өзiн - өзi тану сабағының жоспары 4 сынып
Тақырып: Еңбекқорлық пен еріншектік
Құндылық: ақиқат, дұрыс әрекет
Қасиеттер: Еңбекқорлық, тазалық, адалдық, қайырымдылық.
Сабақ мақсаты:
Оқушыларға еңбекқорлық, тазалық, адалдық, қайырымдылық туралы түсінігін кеңейте отырып, ақиқитқа көз жеткізіп, дұрыс әрекет жасау.
Міндеттері:
Білімділік: еңбекқорлық пен еріншектіктің мәнін түсіндіру арқылы ақиқат пен дұрыс әрекет құндылығын дамыту.
Дамытушылық: Еңбекті қадірлеу, бағалау, еңбектің қуанышын сезіну іскерліктерін дамыту
Тәрбиелік: еңбекке қызығушылықтарын арттыру, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)
Слайдтар.
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі. Жағымды күйге келу. Нұрға бөлену.
Сұрақтар:
1. Қандай күйде болдыңыздар?
2. Жаттығу қалай әсер етті?
3. Ішкі тыныштыққа келе алдыңыздар ма?
Қорытынды:
- Олай болса, балалар, бір - бірімізге жақсы тілектер тілейік. Осы тыныштық күйімізді сақтап қалайық.
Үй тапсырмасын тексеру.
22 сабақ, 106 бет, Еңбекқорлық пен Еріншектік , В. С. Сухомлинский
Сұрақтар:
- Мәтін не жайында айтылған?
- Еңбексүйгіш пен Еріншектің әрекеттері қандай, ерекшеліктері ше?
- Нағыз адамның өткен жылдары өшпейді дегенді қалай түсінесіңдер?
- Еңбексүйгіштің бойындағы жақсы қасиеттерді ата.
Қорытынды:
- Олай болса, балалар, адал еңбек етіп, еңбектің жемісін көрейік.
4. Дәйексөз.
Еңбек - қуаныш, жалқаулық - айырылмас азап Абай
Оқушыларға мағынасын түсіндіру:
- Адам, ең бастысы, еңбектенуге, яғни адам бір іске күш - қуатын, ақыл – ойын жұмсауға ерінбеуі керек. Өйткені жалқаулық, еріншек адамның өзін және өмірін тоздырады. Ал ерінбей еңбек етсең мақсатыңа, арманыңа жетесің. Арманың орындалса, өзіңді бақытты санайсың.
Сұрақтар:
1. Еңбек адамға не үшін қажет деп ойлайсыңдар?
2. Өздерің еңбектің қандай түрлерімен айналысқанды ұнатасыңдар?
Жаттату:
- 3 рет қайталау;
- қыздарға қайталату, ұлдарға қайталату;
- 2 - 3 баладан сұрау;
1. Дәйексөз.

- Ендеше балалар, адам ерінбей еңбек ету арқылы қуанышқа, шаттыққа бөленеді. Еңбектің наны тәтті, жалқаудың жаны тәтті.