Балыққа хат жазу

Скачать

Алматы облысы,
Талғар ауданы, Нұра ауылы,
№12 ЖЖБ мектептің бастауыш сынып мұғалімі
Байдилдаева Макпал Шамгалиевна

Тәкәппар мысалына слайд
Психологиялық ахуал
Топқа бөлу
Білім аясын тексеру
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау
Шона Смаханұлы (сықақшы)
Тақырыбы: Тәкәппар (мысал)

Жаңа білімді игерту
Шона Смаханұлы 1924жылы 2 қарашада Жамбыл облысы Талас ауданы Ойық ауылында дүниеге келген.
Мектепте мұғалім болып жұмыс істеді. Қазақстан мұғалімі , Қазақстан пионері , Жазушы баспасында жұмыс істеді.
Анасынан ерте айрылып, балалар үйінде тәрбиеленді.
Ұлы Отан Соғысына қатысты.

Сөздік жұмыс
Тәкаппар — өзін барлық адамнан биік, артық санау, ешкімді менсінбеу, өзімшілдік, өзін - өзі мақтау, өзін қатты жақсы көру, мақтаншақтық қасиет.

Оқулықпен жұмыс

- Жөнімді өзім білем, - деп,-
Сусыз - ақ өмір сүрем, деп,
Құрлықты балық мақтапты,
Теңізін туған даттапты.

Бір күні күшті жел тұрып,
Тулады теңіз жұлқынып.
Тәкаппар әлгі балықты
Құшаққа құрлық алыпты.

Жел кептіріп денесін,
Күн құрғатып өңешін,
Желбезегі желпілдеп,
Ыршыды көкке селкілдеп.

Құрлық судай болмады,
Жан қояр жер қалмады.
Аузын ашып су тілеп,
Жылапты зарлап уһілеп:

- Мөлдір суым, мекенім,
Енді қайтсем жетемін?!
Қадіріңді білмедім,
Неге шалқып жүрмедім?!-
... Тыңдамап еді ешкімді,
Қателігін кеш білді.

Түсінік
Өңеш — ас жұтатын бөлшегі
Желбезегі — тыныс алатын бөлшегі

Алған білімді тексеру, пысықтау

Топтық тапсырмалар
1 - топ
1. Балықтың бірінші сөзін тауып оқиды.
2. 1 - шумақта балықтың жағдайы мен мінезі қандай күйде болды? Мінездеме жазады.
2 - топ
1. Сол күнгі ауа - райының бұзылуы туралы жолды тауып оқы береді.
2. Ауа - райының мінезін сипаттап жазады, суретін салады. (Басқаша суреттеуге де болады).
3 - топ
1. Балықтың екінші сөзін мәтіннен тауып оқиды.
2. Балықтың мүшкіл халін сахналап көрсету

Сергіту сәті
Шығармашылық тапсырмалар
1 - топ
1. Балықты адам кейпінде көріп қандай ақыл - кеңес бересіңдер?
Балыққа хат жазу.

2 - топ
Менің мекенім қандай?
Балық сияқты адамдарға қандай үлгі көрсетер едіңдер?
Өз мекендеріңді мақтаңдар.
3 - топ
Балық жайында не білеміз?
Постер толтыру

Ұжымдық жұмыс
ВЕНН диаграммасы
Даңғой ------------------ Тәкаппар

Кезбе тілші әдісімен қорыту
Қара жәшік тәсілі
Рефлексия

Слайдты жүктеу


Скачать


zharar.kz