Періште
Жеті қат аспанның ар жағында жұмақта Періштелер өмір сүреді екен. Солардың ішінде ерекше бір періште бар екен. Оның басқа періштелерден айырмашылығы сол ол басқалар сияқты жұмақта өмір сүргісі келмейді екен. Ол сондай тыныш, ғажап мекенде өмір сүріп жатса да оның басқа әлемді танысам деген қызығушылығы маза бермей ақылынан айрылыпты.
Ол бір күні былай депті:
- Ей бүкіл дүниені Жаратушы ием! Мені ана жаққа жіберші...
Сонда, Жаратушы: - Сен бұл жерді тастап кете аласың, бірақ сен Періште екеніңді ұмытасың және мені де ұмытасың. Сен онда қайғы-қасіреттің шарықтау шегін көріп, одан шығудың амалын тауып мұнда келер жолды да өзің табуыңа тура келеді. Бақыт мекенінде өмір сүрген Періште қайғы-қасіреттің не екенін білмейді. Оның тілегі күннен-күнге ұлғая береді, сөйтіп Періште пенделер мекені яғни жерге түседі.
Егер де сіз ақкөңіл де адал ашық да шынайы балаша мәз-мейрам аңғал жандарды кездестірсеңіз оларды ренжітіп, ашуландырып алмаңыз. Өйткені, олардың арасында көктен түскен әлгі Періште болуы ғажап емес.
Дереккөзі: pritchi. ru
Дайындаған: Жадыра
Қызықты әңгімелер білсеңіз бізге жолдаңыз, сайтта жарияланатын болады.