Ұн – 3 стакан
Ашытқы (дрожжи) – 1 ас қасық
Сүт – 1 стакан
Сұйық май – 0, 5 стакан (жарты стакан)
Жұмыртқа – 1 бас
Сары май (слив. масло)– 1 ас қасық
Шекер – 1 ас қасық
Тұз – 2 шай қасық
Ірімшік (творог) – 200 гр
Күнжүт, зире (тмин) (бетіне себуге)
Жасалуы
▪ Алдымен табаққа ұнды салыңыз, ашытқы, тұз, шекер, жұмыртқа май, сүтті құйып жұмсақ қамыр илеңіз.
▪ Қамырды көтерілгенге дейін жылы орап қойыңыз.
▪ Қамыр көтеріліп яғни ашығаннан кейін 7 бөлікке бөліңіз де майда шелпектер секілді жайыңыз.
▪ Майда дөңгелек қамырлардың арасына сары май жағып бір - бірінің үстіне қойыңыз. (сары май жағылатындай жұмсақ болуы керек, отқа еріту қажет емес)
▪ Қабатталған қамырды және жайыңыз, жұқалығы бауырсаққа жайған қамырдан сәл жұқа болуы керек.
▪ Қамырды үшбұрышты етіп 12 бөлікке кесіңіз.
▪ Ірімшікті төгілмейтіндей етіп салып ораңыз да бетіне жұмыртқа сарысын жағып күнжүт пен зирені сеуіп 180⁰С пешке салып пісіріңіз.
Табаның іші былғанбасын десеңіз қамыр астына арнайы қағаз төсеп салып пісіруге болады.
Суретімен қарау
Дайындаған: Жадыра
Сіздің де рецептеріңіз болса салуға болады, пікір қалдыру жолына жазып қалдырыңыз немесе сайтқа кіріп енгізіңіз поштаға жіберуге де болады