Австралияның тектоникасы

Скачать

Платформалық құрылымының басым болуы Австралияда көбінесе жазық рельеф пен үсті тегіс сериялардың төменгі палеозойдан неогенге дейін таралуын алдын ала белгілеп берді.
Материктің жартысынан көбін алып және Арафур теңізінің, Үлкен Австралия шығанағы мен тағы басқаларының эпиконтинентальды бассейндеріне жапсарлас жатқан ежелгі Австралия платформасы архейлік және төменгі протерозойлық фундаментке ие, онда алиынның, уранның, полиметалл рудаларының, бокситтің кендері бар. Фундамент материктің батысында, орталық бөлігі мен солтустігінде жер бетіне шығып жатыр. Қалған территорияда ол протеерозой және палеозой жасындағы жамылғы шөгіндінің астында жатыр. Бұл жамылғының ең қалың жері материктік солтүстігі мен батысындағы ежелгі синеклизаларда болады. (Каннинг, Кимберли, Перт және басқалары). Оңтүстікте, жас синеклиз Юкланың шегінде, шығыста, Үлкен Артезиян Бассейні майысуының жас платформамен шекарасы бойында мезокайназой теңіз шөгінділерінің қабаты жатыр.
Протерозой жамылғысының шөгінділерінде темір рудасының қоры (Хмерсли) жотасы), неғұрлым жас шөгінділерде көмір және біршама жуықта табылған мұнай мен газ қоры бар. Австралияның бұл бөлігі жер бедерінің басым типтері ежелгі қыртыстың желге мүжілген қабаттарымен аяқталып, денудация жасымен сәйкес қабат – қабат жатқан биіктігі 400 – 600 м цокольды жазықтар болып табылады, бұлармен жоғарғы протерозой мен Австралияға солтүстігінен эпиконтиненттік Тимор және Арафур теңіздері, сонымен бірге Карпентария шығанағы ұласып жатыр. Тайыз сулы өңір материктің Үнді мұхитымен ұласып жатқан батыс және оңтүстік жағалауларынбойлап созылып кетеді. Шығысынан Австралияны жер қыртысы мұхиттық немесе өтпелі типтегі терең қазақ шұңқырлар болып табылатын (5000 м – ден аса) Маржанды, Тасман теңіздерімен ұласады.
Үстінде материктік және маржан каралдары бар су асты қыраттары мен жоталарын бөлетін Фиджи, Жаңа Каледония т. б. қазан шұңқырлардың тереңдігі кем түспейді. Сырт жағынан, ішінара теңіздер жағынан да аралдар доғасын бойлап ең тереңдігі 9,тіпті 10 мың м – ден асатын науалар (Мелонезия, Витязь, Тонга, Кермадек т. б.) созылып кетеді.
Австралияны солтүстік және солтүстік – шығыстан ұласып жатқан теңіздердің бетіндегі судың температурасы жыл бойы + 27+28 – қа тең, Маржанды теңіздің оңтүстігінде ол қыста 19С – ге дейін, Тасман теңізінде +16,+12С – ге дейін төмендейді.
17


Маржанды теңізден жылы Шығыс Австралияағысы шығып, материктің жағасын бойлап оңтүстікке қарай бағыт алады. Судың тұздылығы барлық жерде 34,5 – 35,5% - ге тең.
Судың тұрақты жоғары температурасы Маржан құрылыстарының дамуына қолайлы жағдай туғызады, олар Маржанды теңізде өте – мөте тараған. Оның алабында материктік қайраңның шетін бойлап 2300 км – ге Үлкен Тосқауыл риф созылып кетеді. Оңтүстікте оның ені 150 км – ге жетеді. Оның кедір – бұдыр, эрозиямен тілімденген бетін толысу кезінде су басады. Рифті қиып өтетін енсіз каналдар ашық теңізден тереңдігі 50 м – ден аспайтын Үлкен лагуна дегенгеи апарады. Онда кеме жүзе алады, сондықтан да оның жағаларында Австралияның ірі порттары орналасқан.Соңғы жылдары маржан ғимараттары әдеттен тыс көбейіп кеткен “тікенді таж” деп аталатын теңіз жұлдыздарының шабуылынан қатты зардап шегуде. Олар Үлкен Тосқауыл рифінің бір бөлігінқұртып та жіберген және бұл бірегей батысыцнда протерозой немесе төменгі палеозойда дамуы басталған майысу жатыр. Олардың шегінде интенсивті шөгінділер жиналуы болған. Материктің орталық бөлігінде едәуір кейініректе Амадиес майысуы қалыптасқан.

табиғи құрылымды түгелдей құрту қаупін төндіреді.
Үнді мұхитындағы судың температурасы оңтүстікке қарай бірте – бірте төмендейді. Материктің батыс жағалары маңында Батыс Австралия суық ағысы өтеді, бірақ ол қыста ғана пайда болады және ауа мен судың температурасына күшті әсер етпейді.
Австралия Гондван құрамынан дербес материк ретінде Юр кезеңінің соңында бөлінді. Оның құрлығының сол кездегі пішіні қазіргіге толық сәйкес келмейтін. Солтүстік Шығысы Жаңа Гвинеяның оңтүстік бөлігіне дейін созылып, оның үстіне солтүстік – батыс бөлігін Үнді мұхитының суы алып жататын. Шығыс және оңтүстік – шығысынан ежелгі Австралия (Тасмания) аймағының теп – тегіс қатпарлы құрылысы жанасып жатыр. Ол оңтүстік – шығысында байкалдық құрылымнан шығыс шеті солтүстік – шығысындағы Герциндік құрылымға дейінгі әртүрлі жастағы түзілімнен тұрады. Оңтүстікте бұл аймақ сол кезде материкпен жалғасқан Тасманияға дейін созылып жатты. Мезозой кезінің басында бұл қатпарлы аймақ платформа сипатына ие болады да Австралияның ежелгі платформасымен тығыз тұтасып кетті. Материктің шығысынан оны Тынық мұхит платформасынан бөліп тұрған Жаңа Гвинея – жаңа Зеландиялық аймақтың Тынық мұхит геосинклинальдық белдеуі қоршаутын.
Платформаның архей фундаменті шығыңқы жатқан неғұрлым ежелгі учаскесі батыста, 120 – меридианның екі жағында жататын. Солтүстік және



12


Бор және Палеогон кезеңі ішінде ежелгі және жас платформалардың түйіскен аралығында Карпентария шығанағы, Үлкен Артезиян бассейні (Орталық жазық) мен Муррей (Марри) өзені бассейнің синеклизалары пайда болды. Бұл синеклизалар материктің шығыс бөлігін батысынан ұзақ уақыт бөліп тұрған теңіз трангрессиясын алып жатты.
Материктің көпшілік бөлігінің сол кездегі климат жағдайы аз зерттелді. Оның батыс жартысының ішкі аудандары аридтілігімен ерекшеленеді деген болжамдар бар.
Австралияның оқшаулығы, батысы мен шығыс аудандарының байланыссыз жатуы, аридтік жағдайдың басымдылығы органикалық дүниесінің дамуында оның жоғары эндемизм мен архайзмділігіне себепші болды. Сірә, Бор дәуірінің соңында - Австралиядағы кайназойдың бас кезінде қалталы және жұмыртқалағыш сүтқоректілердің кейін құрып біткен алғашқы өкілдері пайда болса керек. Бұл уақытта қазіргіге жақын флора дами бастайды.
Мезозойдың соңы мен кайназой дәуірінің ішінде тау қалыптасу процесі Тынық мұхит шеңберінің шегінде болды. Бұл Жаңа Гвинеядан Жаңа Зеландия аралдарына дейінгі арлықта тау құрылысы қалыптасуына алып келді, сондай – ақ Австралияның жас және ежелгі шегіндегі платормалардың белгілі салдарлары да болды.
Ежелгі платформалардың үлкен бөлігінде кайнозой бойында рельеф ертедегі болған докембрий рельефінің негізінде дамыды. Көтерілу жүріп өтті және Австралияның батысында денудация күшейді. Әсіресе күшті өзгеріске ішкі платформалық цокольдық таулардың түзілуі жүрген платформаның орталық бөлігі ұшырады, мұнда архей және протерозойдың шығыңқы жатқан орнында терең ойыс Амадиес пен (овлакогенмен) бөлінген Макдоннел мен Масгрейф таулары көтерілді.



II. Пайдалы қазбалары.


Австралия материгі пайдалы қазбаларға бай. Олардың қалыптасу жағдайлары мен құрамы Оңтүстік Африкаға ұқсас келеді. Материк алтын, алюминий, мыс никель, марганец, темір, мен уран цирконий кендеріне бай. Австралияның оңтүстік – шығысында тас көмірдің ірі кен орындары шоғырланған. Орталық жазықтарда мұнай мен газдың мол қоры бар.
Шығыс пен Оңтүстік – Шығыс Австралияның тау құрылысының өн бойында полиметалл, мыс, қалайы, алтын кен орындары бар.


14


Тау бөктері майысуының палеозойлық қатпарлы құрылымдарында тас көмір мен қоңыр көмірдің , сондай – ақ мұнай мен газдың көп қорлары шоғырланған.
Геологиялық құрылымы Австралияны басқа материктермен салыстырғанда қарапайым болып келеді.


II. 1. Жанғыш пайдалы қазба.

Пайдалы қазба негізінен үшке бөлінеді: жанғыш, рудалы, және рудалы емес болып бөлінеді. Жанғыш рудалы қазбаларға тас көмір, қоңыр көмір, мұнай және газ жатады. Австралияның оңтүстік – шығысында тас көмірдің ірі кен орындары шоғырланған. Орталық жазықтарда мұнай мен газдың мол қоры бар.



II. 2. Рудалы пайдалы қазбалар.


Рудалы пайдалы қазбаларға алтын, алюминий, мыс, қорғасын, никель, марганец, темір мен уран, цирконий жатады. Алтынды бағалы зат ретінде сырт елдерге сатады. Алюминийді кұрылыста, зауыт фабрикаларда қолданады.
Темір рудалары Австралияның батыс жағалауында орналасқан. Ал Калгурли қаласында алтынның кен орындары бар. Оны Австралияның батысында және оңтүстігінде өндіреді. Ауыр түсті металдарына мыс, қорғасын, мырыш, никель, қалайы жатады. Қорғасын, мырыш кендері полиметалл кеніне жатады. Қорғасын, мырыш кен орындары Брокен – Хилл қаласында шоғырланған. Полиметалл кен орындары Тасмания аралында орналасқан. Алюминий рудалары Оңтүстік – Шығысында орналасқан. Мыс пен альюминий – электр техникасы мен кабель өнеркәсібінің негізі металдары болып саналады. Альюминий, титан, магний өндірісі дамып келеді. Бұл салалар энергияны көп қажет ететіндіктен, зауыттар ірі электр энергиясы көздеріне жақын салынады.

II. 3. Рудалы емес пайдалы қазбалар.

Қазіргі заман мәліметтері бойынша Австралия боксит, кобальт, никель, уран, рудаларына бай. Металдық емес пайдалы қазбаларға фосфориттер мен ас тұзы бай кендері бар. Фосфорит пен ас тұзының кен орындары Тасмания аралында.
7


Географиялық орны.

Австралия оңтүстік жарты шардың басқа материктерінен оқшау орналасқан. Тек солтүстігінде Азияның аралдарымен жалғасады. Материктің жағалаулары нашар тілімделген, оңтүстік – шығысында ғана бірнеше қолайлы қойнаулар кездеседі. Австралия жағалауларын Тынық және Үнді мұхиттарының жылы сулары шайып жатыр. Мұхиттағы судың беткі температурасы жазда +28 С – қа жетсе, қыста +20 С – тан төмен түспейді. Сондықтан материк жағалауларын бойлай, әр түрлі пішіндегі маржандық құрылымдар көп кездеседі. Кемелер олардың арасымен толысу кезінде ғана ашық мұхитқа шыға алады. Австралияны жан – жағынан мұхит сулары шайып жатқанымен, оның көпшілік бөлігінде жауын – шашын өте аз түседі. Бұл жағалау бойымен, суық ағыстардың өтуімен және материктің оңтүстік тропик сызығы үстіндегі орнымен байланысты. Ал жылы ағыстар өтетін солтүстік және шығыс жағалауларында ылғал біршама мол түседі.
Австралия – сөнбеген жанартаулары жоқ бірден – бір материк. Австралия жер шарындағы ең құрғақ материк, оның 2/3 бөлігін шөлді аймақтар алып жатыр. Материктің басқа құрлықтардан ертерек бөлініп қалуына байланысты мұнда алғашқы сүтқоректілер(жұмыртқа салушылар мен қалталылар) мен биік ағаштар(эвкалипт) сақталып қалған. Материк жағалауында ұзындығы 2300 км, ені 2 км – ден 150 км – ге дейін жететін жер шарындағы ең ірі маржандық құрылым Үлкен Тосқауыл рифі орналасқан. Австралия материгінің жерін бір ғана ел Австралия Одағы алып жатыр.
Материктің теңіз деңгейінен ең биік орналасқан нүктесі – Үлкен Суайрық жотасының оңтүстігіндегі Косцюшко тауы (2228 м), теңіз деңгейінен ең төмен орналасқан нүктесі – Эйр көлі (деңгейі – 12 м).
Платформа фундаментін құрайтын кристалды жыныстар оның батысы мен орталық бөлігінде жер бетіне шығып жатыр. Мұнда 400 – 600 м – лік аласа таулы үстірттер мен жекелеген күмбезді таулар таралған. Таулардың кейбір бөліктерінің биіктігі 1000 – 1500 м – ге жетеді. Құрғақ климат жағдайында жүретін физикалық үгілу әсерінен тауларда сан алуан таңғажайып пішіндер қалыптасқан. Тау етектерін қиыршық тастар мен құмды жалдар көмкеріп жатыр. Платформаның шеткі және қатпарлы құрылымдарымен шектескен бөліктеріне ойпаттар сәйкес келеді. Австралияның географиялық орнының ерекшелігіне және ежелгі құрылымдардың басым болуына байланысты сөнбеген жанартаулар мен қазіргі мұз басу іздері кездеспейді.


Скачать


zharar.kz