Дені саудың – тәні сау
Мұғалім: Адамның денсаулығы – қоғам байлығы. Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек. Дені сау, адамның көңіл - күйі көтеріңкі болып еңбекке әрқашан құлшына кіріседі. Халқымыз дені саудың - жаны сау деп орынды айтқан. Отанымыздың келешегі, көркеюі. Балалар сіздердің қолдарыңызда. Сондықтан сендердің таңдауларың – салауаты өмір салтын сақтау. Біздің өмірімізді жарық қылатын, жан жағымызға тамаша сәулесін шашатын, өмірдегі басты байлық не деп ойлайсыңдар?
Оқушылар: Денсаулық
Мұғалім: Бүгін біз сендермен ұшқыш кілемге отырып, бірнеше патшалықтарға саяхат жасаймыз. Саяхатқа шықпас бұрын, бүгін біздің сабағымызға қонақ келіп отыр. Сол қонағымызды қарсы алайық.
Жер ана: - Сәлеметсіңдер ме балалар
Оқушылар: - Сәлеметсіз бе, Жер ана
Жер ана: - Күніміз ашық болсын
Суымыз тұнық болсын
Гүліміз жақсы өссін
- Балалар, сендер саяхатқа шыққалы жатыр деп жақсы хабар естідім
Сәт сапар тілеймін.
Мұғалім: Ал балалар кәне бәріміз ұшқыш кілемге отырып, бірінші патшалыққа барайық.
Ол бізде - “Тазалық патшалығы”
- Өмірде, тұрмыста тазалықты сақтау адамның денсаулығына өте қажетті жағдай. Әр түрлі жұқпалы аурулар адамға микробтар арқылы таралатыны және одан микробтар кір - қоқысты жерлерде өсіп - өніп, шаң - тозаңмен бірге көтерілетіні баршамызға белгілі. Сондықтан тазалық талапқа сай болуға тырысуы керек.
- Шығып тазалық жайлы тақпақтарымызды айтайық.