Тақырыбы: Күш білімде
Мақсаты: Оқушылардың пәндер бойынша алған білімдерін саралау, ой ұшқырлықтарын байқау, топпен бірлесе жұмыс істей білуге үйрету.
Сабақтың түрі: жарыс сабақ
Әдіс – тәсілдер: түсіндіру, сұрақ - жауап, іздену
Көрнекіліктер: плакатқа салынған суреттер, жазылған сөздер
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Кіріспе сөз
- Армысыздар, құрметті ұстаздармен оқушылар және ойынға қатысушы сайыскерлер. Халықтың кемеліне келіп, өркендеп өсуі үшін ең алдымен азаттық пен білім керек деп Ш. Уалиханов айтып кеткендей еліміздің болашағы тек қана білім керек деп Ш. Уалиханов айтып кеткеніндей еліміздің болашағы тек қана білімді жастар екені даусыз. Сол білімді жастарды болашақта сендер құрайтын боласыңдар. Осы мақсатта бүгін 4 В сынып оқушылары арасында Күш білімде атты интеллектуалды сайыс өткізгелі отырмыз. Ойыншылар екі топқа бөлінген
1 - топ оқушылары: Бәйтерек тобы
2 - топ оқушылары Қыран тобы
Әр топта 6 сайыскерден құралған.
Бәйтерек тобының топ басшысы ------------------
Қыран тобының топ басшысы -----------------------------
Кезекті сайыскерлерімізге берейік.
1 - топ: Бастары компьютердей
Бойлары бәрі бірдей
Балалықты бірге өткізген
Қырандарға бір сәлем
2 - топ Келешекке үмітпен қарар
Атақ - даңққа бөленер
Сегіз қырлы ойшылдар
Бәйтерекке бір сәлем
Сайыс бастамас бұрын әділ - қазы алқаларымен таныстырып өтейін:
1.
2.
3.
Сайысымыз 5 кезеңнен тұрады:
1. Бәйге
2. Өнер алды - қызыл тіл
3. 7 жұмбақ
4. Ұшқыр ой
5. Сын сағаты
Әр ойын кезеңін ойын барысында таныстырып отырамын.
Бәйтерек тобына кезек берейік.
Біз тобымызды Бәйтерек деп атадық және өз төс белгімізге бәйтеректің суретін салдық. Бәйтерек қазіргі Қазақстанның нышан - символы, қазақ халқының қайта өрлеуі мен түлеуінің, мемлекеттілігінің, биіктік пен тереңдіктің, кеңдіктің белгісі, дархандықтың көрінісі іспетті. Біз сондықтан Бәйтеректі таңдадық.
Қазағым, қара орманым байтақ елім
Жақсыны, жаманды да байқап едің
Асырған мерейіңді асқақтатып
Елбасы - бойлап өскен Бәйтерегің!
Нұрсұлтан - ел тірегі, алтын діңгек
Алыптың халқы ғана нарқын білмек
Қазағым шаттанатын кезің келді
Алашқа қорған болар ұл тудым деп
Танытып терезесі теңдігіңді
Әлемге әйгіледі елдігіңді
Тереңге тамыр жайды Бәйтерегің
Сақтай біл, ұлан - байтақ кеңдігіңді!
Келесі сөзді Қыран тобына берейік
Біз өз тобымызды Қыран деп және төс белгімізге қыранның суретін салдық.
Қыран бүркіт батылдықтың, мықтылықтың, ерліктің, бостандықтың құсы. Қазақтар қыран бүркітті пір тұтқан. Оны киелі құс деп санаған.