Ауадағы дыбыстың таралу жылдамдығы қанша

Скачать

Физика 9 сынып
Сабақтың тақырыбы: Акустикалық резонанс. Дыбыстың шағылуы. Жаңғырық. Ультрадыбыс.
Сілтеме: 9 - сынып оқулығы, интернет материалдары.
Жалпы мақсаты: 1. Дыбыс туралы ұғым қалыптастыра отырып, оның сипаттамаларымен таныстыру.
2. Толқындардың негізгі ерекшелігі туралы білімдерін дамыту. 3. Дыбыстың қасиеттерін техника мен тұрмыста қолдана алуға тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже:
1. Қандай толқындар дыбысқа жататынын біледі.
2. Дыбыстардың инфрадыбыстар мен ультрадыбыстардан айырмашылығын түсінеді.
3. Толқындарға тән қасиеттерді дыбыс үшін қолдана біледі.
4. Дыбыстың сипаттамаларын олардың ерекшелігіне қарай ажырата біледі.
5. Дыбыстардың, оның ішінде инфрадыбыстар мен ультрадыбыстардың қолданатын жерлерін синтездей алады.
6. Механикалық толқындарды оларды жиілігі мен толқын ұзындығына қарай бағалай біледі.
Түйінді идеялар: топпен жұмыс жасағанда дыбыстың негізгі ерекшеліктері мен сипаттамаларына мысалдар келтіре отырып, талдай білу.
Сабақта қолданылатын материалдар: Камертондар, флипчарттар, маркерлер, таратпа материалдар.
Оқыту әдістері: Сын тұрғысынан ойлау, зерттеушілік әңгіме.
І. Ұйымдастыру: (1 - 2 мин)
ІІ. Қызығушылығын ояту. (3 - 5 мин)

Білу:
а) Оқушылар бір – біріне сәттілік тілейді.
ə) Топқа бөлу ( Ұқсасыңды тап )
Дыбыстың қандай сипаттамалырын білесіңдер? (слайд арқылы дыбысқа сипаттама беру)

ә) Физикалық диктант. (Иә, жоқ деп жауап беру)
1. Дыбыс – есту түйсігін туғызатын серпімді толқындар.
2. Жиілігі 20Гц - тан жоғары толқындарды адам құлағы естиді.
3. Найзағай – табиғи дыбыс көзі.
4. Акустика – дыбысты зерттейтін физика бөлімі.
5. Дыбыс қаттылығы тербеліс жиілігімен анықталады.
6. Дыбыс тоны тербеліс жиілігімен анықталады.
7. Дыбыстың аудағы жылдамдығы 230 м с.
8. Дыбыс қаттылығының өлшем бірлігі – Бел.

Жауаптары: 1. иә, 2. иә, 3. иә, 4. иә, 5. жоқ, 6. иә, 7. жоқ, 8. иә.

б) Тесттік тапсырма:
1. Жиілігі 16 Гц - тен төмен дыбыстар қалай аталады?
А) инфрадыбыстар
Б) акустикалық дыбыстар
С) ультрадыбыстар
Д) толқындық дыбыстар
2. Адамның есту мүшесі қабылдайтын дыбыс толқындарының жоғары жиілігі қандай?
А) 20 000Гц
Б) 200 000Гц
С) 200Гц
Д) 2Гц
3. Жиілігі 510 Гц дыбыс көзінен толқын ауада 340 м с жылдамдықпен таралса, толқын ұзындығы қандай болғаны?
А) 4, 55м
Б) 4, 5м
С) 5м
Д) 4, 35
4. Дыбыс қаттылығы қандай шамаға тәуелді?
А) тонның биіктігіне
Б) тербеліс амплитудасына
С) тербеліс жиілігіне
Д) таралу жылдамдығына
5. Дыбыс қаттылығының бірлігі қандай?
А) метр
Б) герц
С) метр секунд
Д) децибел
6. Ауадағы дыбыстың таралу жылдамдығы қанша?
А) 340м с
Б) 50м с
С) 1480м с
Д) 5600м с
7. Адамның дауысына немесе аспаптың үніне өзіндік бояу беретін дыбыстың сапасы..
А) тон Б) шу С) тембр
Д) музыкалық дыбыс

Жауаптары: А, А, Д, Б, Д, А, С.


Скачать


zharar.kz