Бүгін қазанның нешесі

Скачать

Сыныбы: 2
Қазақ тілі
І. Сабақтың тақырыбы: Үй құстары
ІІ. Сабақтың мақсаты: а) Білімділік: үй құстары туралы толық мәлімет беру; оқушыларды өлеңді шапшаң, мәнерлеп оқуға төселдіру; жуан және жіңішке дауысты дыбыстарды ажырата білуге үйрету; пәнге қызығушылығын арттыру; әдемі, таза, сауатты жазуға дағдыландыру.
ә) Дамытушылық: сөйлеу тілін, ой - өрісін дамыту; берілген сұраққа тиянақты жауап беру, тіл байлығын, сөздік қорын молайту, танымдық қабілетін дамыту.
б) Тәрбиелік: үй құстарының пайдасын түсіндіру, құстарды аялауға баулу.
ІІІ. Сабақтың түрі: дәстүрлі емес сабақ (журнал сабақ)
ІV. Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, мәнерлеп оқу, ойын, әңгімелесу
V. Сабақтың көрнекілігі: Үй құстары журналы, суреттер, бағалау кестесі, сөзжұмбақ, слайд, т. б.
VІ. Пәнаралық байланыс: математика, орыс тілі, ән - күй
VІІ. Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру
1. Сәлемдесу
2. Кезекші арқылы оқушыларды түгендеу
3. Сабаққа қажетті құрал - жабдықтарының, оқулықтарының болуын қадағалау.
Тіл дамыту:
- Бүгін қазанның нешесі?
- Аптаның нешінші күні?
- Аптаның төртінші күні қалай аталады?
- Қазір нешінші сабақ?
- Қазақ тілі сабағында біз не істейміз?
- Балалар, олай болса, бізге қонаққа бүгін Қазақ тілі оқулығы келді.



Скачать


zharar.kz