Туылған күнге арналған тілектер
Туылған күніңмен құттықтаймын! Құттықтай отырып тілерім сенің барлық армандарың орындалып, алға қойған мақсатыңа қол жеткіз, денің сау болып, бай - қуатты өмір кешуіңе тілектеспін. Отбасында бақыт, қуаныш, әрдайым көтеріңкі көңіл - күй, мол табыс, шынайы махаббат тілеймін!
Туылған күніңмен шын жүректен құттықтаймын! Құттықтай отырып саған тілерім: өміріңде жарқын да тамаша сәттер көп болсын. Туған - туыстарыңның ыстық ықыласына, достардың шынайы құрметіне бөленіп, қызметте жетістіктерге жетуіңе тілектеспін. Асқақ армандарың орындалып, қалаған биігіңе көтерілуде қанатың талмасын деп тілеймін.
Туылған күніңмен! Саған тілерім: көтеріңкі көңіл - күй, шаттыққа толы сәттер көп болсын! Өмірдің кейбір қиындықтарынан оңай жол тауып шығасың деп сенемін. Әрбір күнің қуаныш пен бақытқа толы болсын! Әрине, ең басты саған тілерім, өз - өзіңе деген сенім, жақсылықтан үміт үзбеу, шынайы махаббат.
Авторы: Жадыра
Туылған күнге арналған өлеңдер немесе түрлі құттықтаулар білсеңіз, пікір қалдыру жолына жазып қалдыруға болады, сайтта жарияланады.